Бюджеттiк қарыздар бойынша есептеме жүргiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 22 мамыр N 629

      Қорғаныс және құқық қорғау ведомстволарының оларға Алматы темiр жолы көрсеткен қызметтер үшiн жинақталған берешектерiн қысқарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Алматы темiр жол басқармасының республикалық бюджетке 88 (сексен сегiз) млн. теңге сомасында қосылған құнға салынған салық бойынша берешегiне және "Бент" акционерлiк қоғамының республикалық бюджетке заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы бойынша 30 (отыз) млн. теңге сомасындағы берешегiне Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң құқық қорғау органдары мен мекемелерiн қаржыландыру есебiне жалпы сомасы 118 (жүз он сегiз) млн. теңгеге есептеме жүргiзсiн, оның iшiнде:
      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi бойынша - 80 (сексен) млн. теңге;
      Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi бойынша - 10 (он) млн. теңге;
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекараны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бойынша - 8 (сегiз) млн. теңге;
      Қазақстан Республикасының Iшкi әскерлерi бойынша - 17 (он жетi) млн. теңге;
      Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi бас басқармасы бойынша - 3 (үш) млн. теңге.
      Бұл жағдайда Алматы темiр жол басқармасы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң құқық қорғау органдары мен мекемелерiнiң Алматы темiр жол басқармасы алдындағы тасымалдау жөнiнде көрсетiлген қызметтер үшiн жалпы сомасы 118 (жүз он сегiз) млн. теңге кредиторлық берешектерiнiң барлық сомасын оның республикалық бюджетке дебиторлық берешегiн өтеу есебiне 88 (сексен

сегiз) млн. теңге сомасында және "Бент" акционерлiк қоғамына 30
(отыз) млн. теңге сомасында есептесiн.
     2. Берешектер есептемесi аталған сомаларды республикалық
бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде көрсете отырып жүргiзiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi