Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 23 сәуiрдегi N 500 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 22 мамыр N 626

      1. Көкшетау облысы әкiмiнiң Бурабай демалыс аймағында

"Оқжетпес" республикалық жастар лагерiн құру жөнiндегi ұсынысы
қабылдансын.
     2. Қазақстан Республикасының Үкiметi 1997 жылы:
     1) "Оқжетпес" республикалық жастар лагерiн құру мәселесiн
шешетiн болсын;
     2) осы өкiмнен туындайтын басқа да қажеттi шараларды қолдансын.
     Қазақстан Республикасының
     Президентi