Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 9 ақпандағы N 186 қаулысының күшi жойылған деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 14 мамырдағы N 601

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Бұрын қабылданған шешiмдерге байланысты "Соколов-Сарыбай кен-байыту өндiрiстiк бiрлестiгi" ашық үлгiдегi акционерлiк қоғамын жекешелендiрудiң жеке тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 9 ақпандағы N 186 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi