Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы етедi: "Қазақстан Республикасының 1996 жылға арналған инвестициялық бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 2 ақпандағы N 141 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгертулер енгiзсiн: аталған қаулының 1-қосымшасына: мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 10-жолымен толықтырылсын: "10 Франция Орал Қаласында спирт зауытын салу (Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 16 қарашадағы 13 "Батыс" N 1294 қаулысы) млн.$ МАҚ"; "ЖИЫНЫ" деген жолдағы "281 млн.$" саны "294 млн$" санымен ауыстырылсын; 2-қосымшадағы: реттiк саны 4-жол мына редакцияда жазылсын: "4. Грант Арал өңiрiн ауызсумен жабдықтауды жақсарту - 5,3 2,0 оның iшiнде АҚШ - 4,3 - Франция - 1,0 - "; "ЖИЫНЫ" деген жолдағы 1000,9 62,9 сандары ауыстырылсын 993 62,3 сандарымен 3-қосымшадағы: "электр энергетикасы" бөлiмi толықтырылсын: "Батысқазгазэнерго" Батыс Қазақстан энергетикалық техникалық жүйесi ______________________ Ақтөбе ЖЭО, қайта жаңарту және техникалық қайта жарақтандыру, Ақтөбе қаласы, N 4 турбина, мың кВт 30 1996; "Қазақстанэнерго" ұлттық энергетика жүйесi" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының 265 млн.теңге сомасына "Екiбастұз-Ағадыр" ВЛ-1150 кВ объектiсiн өз қаражатының үлесi есебiнен қаржыландыруды ұлғайтуды ескере отырып. 4-қосымшаға:
"Су шаруашылығы" бөлiмiндегi "Қазақстан жолдары" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi