Атырау қаласын ұзақ мерзiмдi дамыту стратегиясы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 16 сәуiр N 446.
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      ЕСКЕРТУ. Атауы мен мәтiнiндегi сөздер ауыстырылды - ҚР Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру жөнiндегi департаментiнiң 1997.08.04. N 386 қаулысымен .  

    Қазақстан Республикасының          Қазақстан Республикасының
    Жекешелендiру жөнiндегi            жер қатынастары және жерге
    мемлекеттiк комитетi               орналастыру жөнiндегi
                                       мемлекеттiк комитетi

    1996 жылғы 25 сәуiр                1996 жылғы 24 сәуiр
    N 163                               N 52

    Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар "Жекешелендiру туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2721 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар "Жер туралы" 1995 жылғы 22 желтоқсандағы N 2717 Жарлығына сәйкес, Мемлекеттiк жекешелендiру комитетi мен Мемлекеттiк Жер комитетiнiң тиiстi аумақтық органдарының өзара iс-қимылы жөнiндегi жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру жөнiндегi департаментi мен Ауылшаруашылық министрлiгiнiң Жер ресурстарының басқару жөнiндегi комитетi қаулы етедi:<*>
     1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру жөнiндегi департаментi мен Ауылшаруашылық министрлiгiнiң Жер ресурстары басқару жөнiндегi комитетi органдарының ұсынған өзара iс-қимыл жасау Тәртiбi бекiтiлсiн.<*>
     2. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi аумақтық органдары Мемжеркомының аумақтық органдарына тоқсан сайын жекешелендiруге тиiстi объектiлердiң тiзiмiн өз уақытында берiп отыруды қамтамасыз етсiн.
     3. Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi аумақтық комитеттер шартта белгiленген мерзiмдерде жер учаскелерiнiң, жекешелендiретiн объектiлердiң жерiн пайдалану құқықтарының құнын бағалау жөнiндегi қажеттi материалдарды жекешелендiру жөнiндегi аумақтық комитеттерге ұсынсын.
     4. Мемлекеттiк жекешелендiру комитетiнiң әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiн жекешелендiру басқармасы (Махимов Н.Ж.) мен Мемжеркомының жер реформасын құқықтық және ғылыми-техникалық қамтамасыз ету бөлiмi (Райымбеков К.Ұ.) осы Қаулыны тиiстi аумақтық комитеттерге жеткiзсiн.
     5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Жекешелендiру жөнiндегi комитет төрағасының орынбасары Т.С.Сарабеков пен Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi комитет төрағасының орынбасары А.П.Сизовқа жүктелсiн.

    Қазақстан Республикасының          Қазақстан Республикасының
    Жекешелендiру жөнiндегi            жер қатынастары және жерге
    мемлекеттiк комитетiнiң            орналастыру жөнiндегi
    төрағасы                           мемлекеттiк комитетiнiң
                                       төрағасы

Қазақстан Республикасының  
Жекешелендiру жөнiндегi   
мемлекеттiк комитетiнiң   
1996 жылғы 25 желтоқсандағы
N 163 және Қазақстан    
Республикасының Жер    
қатынастары және жерге  
орналастыру жөнiндегi  
мемлекеттiк комитетiнiң  
1996 жылғы 24 сәуiрдегi N 52
қаулысымен бекiтiлген   

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң
Жекешелендiру жөнiндегi департаментi мен Ауылшаруашылық
министрлiгiнiң Жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитетi
органдарының жер телiмдерiн меншiк құқығына беру,
сатуға қойылған жекешелендiру объектілерiнiң жер пайдалану
құқығын табыстау жөнiндегi өзара iс-қимыл жүргiзу
ТӘРТIБI

     1. Осы тәртiп Қазақстан Республикасының жекешелендiру жөнiндегi аумақтық комитеттерiнiң (әрi қарай жекешелендiру жөнiндегi аумақтық комитеттер) Ауылшаруашылық министрлiгiнiң Жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитетiнiң аумақтық органдарымен (әрi қарай Мемжеркомының аумақтық органдары) жылжымайтын мемлекеттiк мүлiктердiң объектiлерiн жекешелендiру барысында өзара iс-қимыл жасауын реттейтiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2721 "Жекешелендiру туралы" және 1995 жылғы 22 желтоқсандағы N 2717 заң күшi бар "Жер туралы" Жарлықтарына сәйкес әзiрлендi.
     2. Жекешелендiруге тиiстi объектiлерiн тоқсан сайынғы алдын ала тiзiмiн жекешелендiру жөнiндегi аумақтық комитетi жасайды, көшiрмесi Мемжеркомының аумақтық органдарына жiберiледi.
     3. Нақты объектi жөнiнде сауда жүргiзу туралы республикалық баспасөзде жарияланғанға дейiн 25 күннен кешiктiрмей жекешелендiру жөнiнде аумақтық орган жер телiмiнiң, жердi пайдалану құқығының бағасын анықтау жөнiндегi жұмыстар жүргiзу туралы Мемжеркомының аумақтық органдарына хабарлайды.
     4. Жекешелендiруге тиiстi объектiлердiң тоқсан сайынғы тiзiмiнiң және сауда жүргiзу туралы ресми хабарлау негiзiнде жекешелендiру жөнiндегi аумақтық комитетi (тапсырыс берушi) мен Мемжеркомының аумақтық органы (орындаушы) арасында жер төлемдерiнiң, жер пайдалану құқығының құнын бағалау жөнiндегi жұмыстарды сапалы жүргізудi қамтамасыз етуге бейiмдейтiн жұмыстар жүргiзу мерзiмi, өзара есеп айырысу тәртiбi, жауапкершiлiк пен басқа мiндеттемелер айтылып жазылған нақты жекешелендiрiлетiн объектiлерге бағалау жұмыстарын жүргiзуге шарт жасалады (N 1 қосымша).
     Жер телiмдерiнiң, жер пайдалану құқығының құнын, жеке жобалар бойынша жекешелендiретiн объектiлердiң жұмыстарын шарттар бөлек жеке түрде жасалады.
     5. Мемжеркомының аумақтық органы сауда жүргiзу туралы хабарламаның жариялануына дейiн 5 күннен кем емес мерзiмде жекешелендiру жөнiндегi аумақтық комитетке жер телiмiнiң, жекешелендiретiн объектiнiң жер пайдалану құқығының құнын бағалау актiн (N 2 қосымша), жер телiмiн, жер пайдалану құқығының сатып алу-сату шартын (N 3 қосымша), жекешелендiретiн объект орналасқан жер телiмiнiң жоспарын (сызылмасын) ұсынады.
     Жер телiмiнiң, жер пайдалану құқығының құны Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген жер үшiн төлем ақы (базалық) ставкiлерiнiң есебiнен анықталады.
     6. Жер телiмiнiң, жер пайдалану құқығының құнын бағалау жөнiндегi шығындарды өтеу мөлшерi белгiленген тәртiпте Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетпен келiсiлген жұмыстардың осы түрлерiне бекiтiлген баға қою негiзiнде анықталады.
     7. Саудадан кейiн 10 күн мерзiм iшiнде сауданың қорытындылары туралы хаттама негiзiнде, сондай-ақ жекешелендiретiн объектiнi сатып алу-сату шартының негiзiнде бiр тараптан сатып алушы және екiншi тараптан жекешелендiру жөнiндегi аумақтық комитетi Мемжеркомының аумақтық органдары арасындағы жер телiмiн, жер пайдалану құқығын сатып алу-сату шартына қол қойылады.
     8. Жер учаскесiнiң, жер пайдалану құқығының бағалау құны жекешелендiретiн объектiнiң бағасына кiргiзiледi. Сатып алушының жер телiмiнiң, жер пайдалану құқығының құны үшiн төлеген қаржылары мемлекеттiң бюджет қаржысына қосылады.
     9. Сатып алушы жекешелендiретiн объектiнiң құнын толық төлегеннен кейiн 5 күн мерзiм iшiнде жекешелендiру жөнiндегi аумақтық органның сатып алу-сату шартында тиiстi белгiлеуi негiзiнде жер телiмiне оның құқық (меншiк құқығына немесе жер пайдалану құқығына) куәландыратын құжатты ресiмдеу және алу мақсатта Мемжеркомының органдарына жолығады.
     Сатып алушы жолыққаннан кейiн 10 күн мерзiм iшiнде Мемжеркомының органдары жер учаскесiне меншiк құқығын немесе жер пайдалану құқығын куәландыратын құжатты беруге мiндеттi.
     10. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеу Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар "Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы" Жарлығы белгiлеген тәртiпте жүргiзiледi.

                                                     N 1 қосымша

          Жер учаскесiнiң, жер пайдалану құқығының құнын
            бағалау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге
                            шарт

    1996 жылғы "__"__________                     N _____________

    Қазақстан Республикасының жекешелендiру жөнiндегi ____________
___________________________________________________________________
                          (облыс атауы)
аумақтық комитетi, әрi қарай "Тапсырыс берушi" деп танылатын, комитет төрағасы____________________________________________ атынан
                              (аты-жөнi)
және Қазақстан Республикасының жер қатынастары және жерге
орналастыру жөнiндегi_________________ аумақтық комитетi, әрi қарай
                     (облыс атауы)
"Орындаушы" деп танылатын, комитет төрағасы _______________ атынан
                                             (аты-жөнi)
______________________________________________ қала (село, поселке)
          (шарт жасалған орын)
мыналар туралы осы шартты жасады.

                          1. Шарт мәселесi

     1.1. Жер учаскесiнiң, жер пайдалану құқығының құнын бағалау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу, оның құнын жекешелендiру объектiсiнiң бағасына қосу мақсатында, Орындаушыға берiлген тапсырма шарт мәселесi болып табылады.

               2. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi

     2.1. Тапсырыс берушi:
     - орындаушыға жекешелендiруге тиiстi объектiлердiң тоқсандық алдын ала тiзiмiн беруге;
     - республикалық баспасөзде сауда жүргiзу туралы хабарламаның жариялануына дейiн 25 күннен кем емес мерзiм iшiнде Орындаушыға нақты объектiлер бойынша бағалау жұмыстары жүргiзiлетiндiгi туралы ресми түрде хабарлауға;
     - Орындаушыға жер учаскесiнiң, жер пайдалану құқығының құнын анықтау бойынша шығындарды осы шарттың 3 бөлiмiнде белгiленген шарттар мен мерзiмдерде өтеуге мiндеттi.
     2.2. Тапсырыс берушi:
     - жұмыстық орындалмауына байланысты нақты объектiлер үшiн және шартты мерзiмде материалдарды жеткiзбеген жағдайда шығындарды төлемеу құқығына ие.
     2.3. Орындаушы:
     - шарт жасалған сәттен бастап 25 күннен кешiктiрмей Тапсырыс берушiге объектiлер бойынша жер учаскелерiнiң жоспарын, бағалау құнының актiн, жер телiмiнiң, жер пайдалану құқығының сатылу жағдайын, сондай-ақ жер учаскесiн, жер пайдалану құқығын сатып алу-сату шартының жобасын ұсынуға мiндеттi.
     2.4. Орындаушы:
     - Тапсырыс берушiмен келiсiм бойынша бағалау жұмыстары жүргiзiлуге қажеттi. Тапсырыс берушi ұсынған объектiлер тiзiмiне өзгертулер енгiзуге құқылы.

                    3. Есеп айырысу шарттары

     3.1. Тапсырыс берушi Орындаушыға, әрбiр жекешелендiретiн объектi бойынша, Орындаушы жер учаскесiн, жер пайдалану құқығын бағалау құжаттарының толық жиынтығын уақытында тапсырған кездерде, оған кеткен сметалық құнының _____________% шығынын өтейдi.
     Тапсырыс берушiнiң жұмыстарды қабылдау-беру актiсiне қол қойған күнiнен бастап 5 банктiк күннен кем емес мерзiм iшiнде Орындаушының_____________________________________________________
банкiсiндегi арнаулы есеп шотына төлем жүргiзiлуi тиiстi.
     3.2. Бағалау жұмыстарын орындау бойынша соңғы есеп айырысу Сатып алушы жекешелендiру объектiнiң толық құнын төлегеннен соң 5 банктiк күнге кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
     3.3. Орындаушы өз мерзiмiнде объектiнi бағалау жұмыстарын орындаған бiрақ-та олар саудада сатылмаған жағдайда, орындаушының шығынын, Тапсырыс берушi басқа объектiлердi сатудан және мекемелерден қаржылардың түсу барысына орай өтейдi.

                   4. Тараптардың жауапкершiлiгi

    4.1. Осы шартты орындаудан келiп туындайтын барлық даулар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңына сәйкес реттелiп шешiледi.

                        5. Қосымша шарттар

    5.1. Осы шарт жасалған күннен бастап күшiне енедi.
    5.2. Бағалануға тиiстi объектiлердiң, жер пайдалану құқықтарының тiзiмiн Тапсырыс берушi ұсынады және шарттың ажырамас бөлiгi болып табылады.
    5.3. Тараптардың бiрi, екiншi тараптың жазбаша түрдегi келiсiмiнсiз, өзiнiң құқықтары мен мiндеттерiн беру құқығына ие емес. Тараптардың бiрiнiң осы қағиданы бұзуы екiншi тарапқа шартты бiр жақты тәртiпте бұзу құқық бередi.
    5.4. Шарт бiрдей заңды күшке ие екi дана етiп жасалды, оның бiр данасы Тапсырыс берушiде, екiншiсi Орындаушыда қалады.

                    6. Тараптардың заңды мекен-жайы

"Тапсырыс берушi"                   "Орындаушы"
_________________ облысы бойынша   __________________ облысы бойынша
Қазақстан Республикасының         Қазақстан Республикасының
Жекешелендiру жөнiндегi             Жер қатынастары және жерге
мемлекеттiк комитетi                орналастыру жөнiндегi
                                   мемлекеттiк комитетi
______________________  ________    _____________________  ________
    (аты-жөнi)          (қолы)         (аты-жөнi)          (қолы)

           М.О.                              М.О.

                                                     N 2 қосымша
                                                         үлгi

         Жекешелендiретiн объектiнiң жер учаскесiнiң, жер
               пайдалану құқығының құнын бағалау
                             АКТI

    1. Объектiнiң атауы __________________________________________
    2. Жер учаскесiнiң орналасқан орны ___________________________
    3. Жер учаскесiнiң көлемi ___________ га, оның iшiнде жер үлесi
    _______________ га.

    4. Жер үшiн төлемақы (жер пайдалану құқығы) мөлшерi __________
    теңге есебiнен.
    5. Экономикалық-жоспарлау аймағы _____________________________
    6. Аймақ коэффициентi _________________________________________
    7. Бағаның инфляциялану коэффициентi (статистика және талдау
    жөнiндегi мемлекеттiк комитеттiң мәлiмдеуi бойынша)___________
    ______________________________________________________________
    8. Жер телiмiнiң, жер пайдалану құқығының бағалау құны _______
    _____ теңге __________________________________________________
                              (сомасы жазба түрде)
    9. Жер учаскесiне құқығы ____________________________________
                              (жеке меншiк, жер пайдалану, ортақ
    ______________________________________________________________
                      меншiк ортақ үлестi)
    10. Жер учаскесiнiң бөлiнуi __________________________________
                                    (бөлiнетiн, бөлiнбейтiн)
    ______________________________________________________________
    Актiнiң жер телiмiнiң, жер пайдалану құқығының құнын бағалау
    жөнiндегi комиссия жасады.

    __________________________________
    облыстық (аудандық, қалалық) жер
    қатынастары және жерге орналастыру
    жөнiндегi комитетiнiң төрағасы
                  ________    _____________________
                   (қолы)         (аты-жөнi)

                             М.О.

    Комиссия мүшелерi:

                                                        N 3 қосымша
                                                            үлгi

        Жер учаскесiн, жер пайдалану құқығын сатып алу-сату
                               шарты

    199 жылғы ___  ______________                N_____________

_______________________________________________ қала (поселке, село)
жекешелендiру жөнiндегi комитет, (әрi қарай "Сатушы" деп танылатын),
комитет төрағасы __________________________________________________
____________________________________________________________ атынан
және ______________________________________________________________
        (аты-жөнi немесе "сатып алушы" есебiнде танылатын заңды
___________________________________________________________________
                          тұлғаның атауы)
осы шартты мыналар туралы жасады.

                       1. Шарт мәселесi

    1.1. Сатушы сатты, ал Сатып алушы ____________________________
                                        (беру, табыстау шарты)
___________________________________________________________________
                  (учаскенiң орналасқан орны)
___________________________________________________________________
                   (атқарушы органның атауы)
осы шартқа қосымшадағы учаскенiң жоспарының (сызылмасының) шектерiнде жалпы көлемi ________ га, соның iшiнде көпжылдық екпе ағаштар _____га, құрылыстар алып жатқан ______________ га жер учаскесiн _____________________________________________ сатып алды.
             (жер төлемiн пайдалану мақсаты)
Жекешелендiретiн объектiлердiң саудасының негiзiнде: ______________
___________________________________________________________________
(аукцион кiм тарапынан, қай жерде және қашан өткiзiлдi, хаттама N)
объектiнiң толық атауы жер телiмi _________________________________
                                     (бөлiнетiн, бөлiнбейтiн)
болып табылады.
    1.2. Жер телiмiнiң, жер пайдалану құқығының бағалау құнын
Қазақстан Республикасы Мемжеркомының аумақтық органы Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң белгiлеген жер үшiн төлем ставкiлерi бойынша
199  жылғы, "___"_________ N __________ актiсiмен анықтады және
___________________________________________________________________
           (теңге сомасы жазбаша түрде көрсетiледi)
___________________________________________________________________
теңге құрайды.
     1.3. Осы шартқа қол қойылған сәттен сатып алушы жер учаскесiнiң, жер пайдалану құқығының құнын 30 күндiк мерзiм iшiнде Сатып алушының _______________________________________________ банктегi N _________ арнайы есеп-шотына төлеудi жүргiзедi.
     1.4. Мемжеркомының аумақтық органы осы шартқа қол қойылған сәтте жер учаскесi, жер пайдалану құқығы ешкiмге сатылмағандығына, салынбағандығына және даулы мәселе болмайтындығына кепiлдiк бередi.

             2. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi

     2.1. Сатып алушыға жер учаскесiн меншiкке беру құқығы, жер пайдалану құқығын табыстау Сатушыға Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар "Жекешелендiру туралы" Жарлығының 2-бабының 2-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң күшi бар "Жер туралы" Жарлығының 18-бабының 2, 3-тармақтары мен 31-бабының 2-тармағы негiзiнде тиiстi.
     2.2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар "Жер туралы" Жарлығының 3, 28, 29 және 34-баптары Сатып алушыға түсiндiрiлдi.
     2.3. Сатып алушы 1, 2-тармақтарды көрсетiлген соманы белгiленген уақытта төлемеген жағдайда Сатып алушы бiр жақты тәртiпте осы шартты бұзады.

                       3. Қосымша шарттар

     3.1. Шарт жасалған сәттен бастап күшiне енедi.
     3.2. Осы шарт және объектiнiң толық құнын өтелгенiн куәландыратын құжаттар Сатып алушыға, оның жер учаскесiне құқығын, жер пайдалану құқығын куәландыратын құжатты беру мен ресiмдеуге негiз болады.
     3.3. Оның жер учаскесiне құқығын, жер пайдалану құқығын куәландыратын шарт пен құжат жылжымайтын мүлiкке және онымен
мәмiлелер жасау құқығы бойынша мемлекеттiк органда тiркелуге тиiстi.
    3.4. Шарт үш дана етiп жасалынды, бiрiншiсi сатып алушыға
берiлдi, екiншi және үшiншi даналары тиiстi түрде Сатушыда және
Мемжеркомының аумақтық органында сақталады.

    Тараптардың қолдары:

    Сатушы______________________    Сатып алушы________________
    ____________________________    ___________________________
         (аты-жөнi)                         (аты-жөнi)

           М.О.                               М.О.

    Мемжеркомының аумақтық
    органының төрағасы
    ___________________________
    ___________________________
    ___________________________
          (аты-жөнi)

             М.О.