Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 3 қазандағы N 1094 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 15 сәуiр N 443. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.05.24. N 449 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      "Испат-Кармет" компаниясы мен "Карагандаэнерго" қазақстандық электр тораптары республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының бюджетпен өзара берешектерiн қысқарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "Испат-Кармет" компаниясы алдындағы қосылған құнға салынатын 88,0 (сексен сегiз) млн. теңге сомасындағы салықты қайтару жөнiндегi берешектi "Карагандаэнерго" қазақстандық электр тораптары республикалық мемлекеттiк кәсiпорны алдындағы босатылған электр энергиясы мен "Карагандаэнерго" қазақстандық электр тораптары республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының қосылған құнға салынатын салық бойынша бюджетке төлемi жөнiндегi берешегi үшiн "Испат-Кармет" компаниясының берешегiн өтеу есебiне есептеу жүргiзсiн.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi