Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1812 қаулысына өзгерту енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 14 наурыз N 312. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1996.12.27. N 1653 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Аппаратына әкiмшiлiк үйлерiн, мейманханаларды иелену, пайдалану және иелiк ету құқықтарымен беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 8 қаңтардағы N 28 P960028_ қаулысына сәйкес Алматы қаласының Фурманов көшесiндегi 50-үйiндегi жалпы алаңы 540 шаршы метр "Легпром" ГТЗО әкiмшiлiк үй-жайына (бесiншi қабат) Қазақстан Республикасының Жоғарғы және орталық мемлекеттiк органдарын Ақмола қаласына көшiру жөнiндегi Мемлекеттiк комиссиясының Аппараты орналастырылсын.

      Премьер-Министр