Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 6 ақпандағы N 156 қаулысына өзгерту енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 13 наурыздағы N 306

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Конкурстық комиссияның "Майкаинзолото" акционерлiк қоғамын сенiмдi басқаруға беру шешiмiн бекiту және шетел инвестицияларын тарту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 6 ақпандағы N 156 қаулысына мынадай өзгерту енгiзiлсiн:
      4-тармақтың бiрiншi абзацындағы "Майкүбi кенiшi" сөзi алынып тасталсын.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi