Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 5 наурыздағы N 280 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгертулер қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.

      2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
      "Импорттық дәрi-дәрмек және медициналық мақсаттағы жабдықтарға және химиялық реактивтерге баға белгiлеудiң тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 5 мамырдағы N 480 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 21, 214-бап);
     "Павлодар өнеркәсiп-қаржы альянсы" салааралық өндiрiстiк-шаруашылық ассоциациясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 6 қазандағы N 1122 қаулысының 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 42, 456-бап).

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы     
Үкiметiнiң          
1996 жылғы 5 наурыздағы     
N 280 қаулысына         
қосымша              

          Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр
             шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгертулер

     1.  <*>
     Ескерту. 1 тармақтың күшi жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.03.19.
N 331 қаулысымен.
        2. "Энергия ресурстарының және өнiмдер мен көрсетiлетiн қызметтердiң басқа да түрлерiнiң бағасын мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 1 маусымдағы N 484 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., 349-бап) 6-тармағының төртiншi абзацы алынып тасталсын.
      3. <*>
      Ескерту. 3 тармақтың күшi жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.03.17.
N 258 қаулысымен.
      4. <*>
      Ескерту. 4 тармақтың күшi жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.03.17.
N 258 қаулысымен.
      5. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1996 жылғы 8-қаңтардағы N 3-ө өкiмi 2 тармағының үшiншi абзацындағы "Импорттық дәрi-дәрмек, медициналық мақсаттағы жабдықтарға және химиялық реактивтерге баға белгiлеудiң тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 5 мамырдағы N 480 қаулысының 1-тармағына сәйкес қойылған баға бойынша" деген сөздер алынып тасталсын.