Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 27 ақпандағы N 0247 Қаулысы. Күші жойылды - Қзақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 753 Қаулысымен

      Жоғары оқуды одан әрi жетiлдiру және оқу орындарының ғылыми-педагогикалық әлеуетiн, материалдық-техникалық базасын тиiмдi пайдалану және Арал өңiрi экологиялық аймағының бiлiктiлiгi жоғары мамандарға деген мұқтажын неғұрлым толық қамтамасыз ету мақсатында және мамандарды көп деңгейлi құрылым бойынша Қазақстан Республикасының жоғары бiлiмiнiң мемлекеттiк стандарттарына сәйкес даярлауға көшуге байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
      1. 1996 жылға бөлiнген қаржы шегiнде қаржыландырудың қолданылып жүрген тәртiбi сақталып, Қорқыт ата атындағы Қызылорда педагогикалық институты Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттiк университетi болып қайта құрылсын.
      2. Жаңадан құрылған Қорқыт ата атындағы қызылорда мемлекеттiк университетiнiң құрамына заңдық және экономикалық дербестiгiн университет Жарғысында айқындай отырып, М.Мәметова атындағы педагогикалық колледж және Қызылорда музыкалық училищесi енгiзiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi университеттiң құрылымын, мамандықтардың тiзбесiн және профессорлық-оқытушы құрамын айқындасын.
      4. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат iсi жөнiндегi ұлттық агенттiгiне университетке баспа қызметi құқығын беру және полиграфиялық базасын құруға жәрдемдесу ұсынылсын.
      5. Қызылорда облысының әкiмi университеттiң материалдық-техникалық базасын одан әрi нығайту және студенттер мен профессорлық-оқытушы құрамның әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайын жақсарту жөнiнде шаралар қарастырсын.
      6. Жаңадан құрылған университеттiң басшылығы оқу жоспарын және

бөлiмшелердiң құрылымын оңтайландыруды ескере отырып, штат санын 20
процентке қысқартып, босатылған қаржыны осы оқу орнының
қызметкерлерiнiң еңбекақысын Бiрыңғай тариф кестесiне сәйкес көтеруге
жұмсасын.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi