Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Аппаратына әкiмшiлiк үйлерiн, мейманханаларды иелену, пайдалану және иелiк ету құқықтарымен беру туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 8 қаңтар N 28. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1996.05.13. N 592 қаулысымен. ~P960592

      "Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар Жарлығының 10, 14-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Қазақстан Республикасының Республикалық ұланының мемлекеттiк мүлкiн беру туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 1995 жылғы 25 желтоқсандағы N 485 қаулысының күшi жойылсын.
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi