Қазақстан Респуликасының Еңбек министрлiгi орталық аппаратының құрылымы туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1995 жылғы 19 желтоқсан N 1810. Күшi жойылды - ҚР Үкiметiнiң 1996.12.26. N 1634 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес, осы аппарат қызметкерлерiнiң шектi саны негiзiнде 150 адам болып бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгiне Министрдiң 3

орынбасарын, соның iшiнде бiр бiрiншi, сондай-ақ саны 13 адамның алқа
ұстауына рұқсат етiлсiн.
     3. Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi орталық аппараты
үшiн 4 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
     4. "Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi орталық
аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер
Кабинетiнiң 1994 жылғы 21 қазандағы N 1179 қаулысының күшi жойылған
деп танылсын.

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Үкiметiнiң 1995 жылғы
                                       19 желтоқсандағы
                                       N 1810 қаулысына
                                        Қосымша
            Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi орталық
                                 аппаратының
                            Қ Ұ Р Ы Л Ы М Ы
     Басшылық
     Еңбекпен қамту департаментi
     Еңбектi қорғау және еңбек жағдайлары департаментi
     Төлем саясаты және еңбек өнiмдiлiгi басқармасы
     Тұрмыс деңгейi және еңбекке қабiлеттi халықты әлеуметтiк қолдау
басқармасы
     Заң басқармасы
     Көшi-қон департаментi
     Iс басқармасы
     Әлеуметтiк әрiптестiк бөлiмi
     Сыртқы байланысты және еңбек саласында халықаралық тәжiрибе
жинақтау бөлiмi
     Қаржы және бухгалтерлiк есеп бөлiмi
     Жинақтық талдау бөлiмi