Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi орталық аппаратының құрылымы туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1995 жылғы 19 желтоқсан N 1804. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1996.12.27. N 1661 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес, осы аппарат қызметкерлерiнiң шектi саны негiзiнде 82 адам болып бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне төрағаның 5 орынбасарын, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасарын және төрағаның бiр орынбасарын - мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi Ақмола аумақтық комитетiнiң төрағасын, сондай-ақ саны 11 адамдық алқа ұстауына рұқсат етiлсiн. <*>
      Ескерту. 2-шi тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1996.02.08.
               N 184 қаулысымен.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң орталық аппараты үшiн 5 қызметтiң жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
      4. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 19 мамырдағы N 716 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 18, 204-бап);
      "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер енгiзу және күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 11 шiлдедегi N 948 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiмiне енгiзiлген өзгертулер мен толықтырулардың 8-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 24, 271-бап);

     "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 19
мамырдағы N 716 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы"
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 7 желтоқсандағы N 1677
қаулысындағы 1-тармағының үшiншi және төртiншi абзацының күшi
жойылған деп танылсын.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi
                                     Қазақстан Республикасы
                                     Үкiметiнiң 1995 жылғы
                                        19 желтоқсандағы
                                     N 1804 қаулысына
                                            қосымша

           Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi
           басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi орталық
                    аппаратының құрылымы мен саны

     Басшылық
     Мемлекет қатысатын шаруашылық серiктестiктерi мен  акционерлiк
     қоғамдар бас басқармасы
     Базалық салалар бас басқармасы
     Әлеуметтiк сала, жылжымайтын мүлiк пен талдама бас басқармасы
     Қаржы-есеп бөлiмi
     Заң бөлiмi
     Ұйымды-кадр жұмысы және баспасөз қызметi бөлiмi
     Әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiмi