1. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi орталық аппаратының құрылымы осы аппарат қызметкерлерi санының шегiнде 70 адам болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне төрағаның 3 орынбасарын, соның iшiнде бiр бiрiншi орынбасарын, сондай-ақ құрамында 9 адам бар алқа ұстауына рұқсат етiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң орталық аппараты үшiн қызмет бабында пайдаланылатын 4 жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
4. "Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 19 мамырдағы N 715 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 18, 203-құжат) мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
5-тармағы, 6-тармақтың бiрiншi абзацы және "Қазақстан
Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi орталық аппаратының құрылымы мен адам саны" қосымшасы; 7-тармақта "Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң орталық аппараты үшiн 5" сөздерi алынып тасталсын. 5. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 19 мамырдағы N 715 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 31 шiлдедегi N 1039 қаулысының күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1800 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi орталық аппаратының Қ Ұ Р Ы Л Ы М Ы Басшылық Акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн сату басқармасы Әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiн жекешелендiру басқармасы Талдау, бақылау және жекешелендiруден кейiн қолдау басқармасы Агроөнеркәсiп кешен кәсiпорындарын жекешелендiру бөлiмi Жеке жобалар бойынша жекешелендiру бөлiмi Қаржы және бухгалтерлiк есеп бөлiмi Ұйымдық-кадрлармен жұмыс бөлiмi Әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiмi