1. Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының құрылымы қосымшаға сәйкес орталық аппараты қызметкерлерiнiң шектi санының негiзiнде 70 адам болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы үшiн 5 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
3. "Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 29 тамыздағы N 1193 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрдiң
бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1995 жылғы
19 желтоқсандағы
N 1790 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар
жөнiндегi ұлттық комиссияның құрылымы
<*>
Төраға
Комиссия мүшелерi
Атқарушы аппараты
Бағалы қағаздар эмиссиясын тiркеу және бақылау басқармасы
Бағалы қағаздар нарығы кәсiпқой қатысушыларының қызметiн
реттеу басқармасы
Бағалы қағаздар нарығын құқықтық қамтамасыз ету басқармасы
Сараптау-талдау басқармасы
Атқарушы аппараттың жұмысын ұйымдастыру басқармасы
Төлем жүйесiнiң қызметiн реттеу бөлiмi
Қаржы бөлiмi
ЕСКЕРТУ. Қосымша жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1996.08.12.
N 994 қаулысымен.