Қазақстан Респбуликасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 12 мамырдағы N 656 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1995 жылғы 16 қарашадағы N 1557

      Берешектердi өтеу және төлем жасау қабiлетiн қалпына келтiруге байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Дәрменсiз мемлекеттiк кәсiпорындарды сауықтыру және тарату жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның 1995 жылғы 4 қазандағы шешiмiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "Төлем жасауға қабiлетсiз кәсiпорындарды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiне беруi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 12 мамырдағы N 656 қаулысына /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 17. 194-құжат/ мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
      Оңтүстiк Қазақстан облысының "Ачполиметалл" АҚ және Алматы қаласының "Поршень" Алматы зауыты" Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiне берiлетiн төлем қабiлетi жоқ кәсiпорындардың тiзбесiнен шығарылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Медетшi банкiнен "Поршень" Алматы зауыты" акционерлiк қоғамының мемлекеттiк акциялар пакетiн қайтарып алсын.
     Қазақстан Республикасының 
       Премьер-министрi