Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 14 ақпандағы N 1414 толықтыру мен өзгерту енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1995 жылғы 31 қазан N 1414

      1. Шығыс Қазақстан облысының "Черновинское" ауыл шаруашылығы кәсiпорнына Сеул қаласындағы "Kornex Trading Со., Ltd" оңтүстiк-корей компаниясымен 1995 жылғы 28 маусымдағы N 270/95 контракт негiзiнде Қазақстан Республикасынан 422,16 кг марал пантысын Кореяға әкетуге рұқсат етiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi "Черновинское" ауыл шаруашылығы кәсiпорнына аталған мөлшердегi марал пантысын әкетуге белгiленген тәртiппен лицензия беретiн болсын.

      Премьер-Министр