Республикалық "Жетi жарғы" заң әдебиетi баспасының, апталық заң газетiнiң қызметiн жетiлдiру туралы және республикалық ғылыми-көпшiлiк журналын шығару туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң ҚАУЛЫСЫ 1995 жылғы 21 қыркүйек  N 1276

      "Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 16 маусымдағы  N 1228  Жарлығына сәйкес, "Республикалық заң әдебиетi баспасы мен апталық заң газетiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 27 қаңтардағы  N 107  қаулысын жетiлдiре түсу үшiн, сондай-ақ құқықтық бiлiмдi кеңiнен түсiндiру және оны халықтың қалың тобына жедел жеткiзiп отыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
     1. (алынып тасталды)
     2. (алынып тасталды)
      Ескерту. 1,2-тармақтар алынып тасталды - ҚР Үкіметінiң 2005.04.22.  N 378  қаулысымен.   
     3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң қазақ және орыс тiлдерiнде республикалық " Фемида" ғылыми-көпшiлiк журналын ұйымдастыру туралы ұсынысы қабылдансын.

     Қазақстан Республикасы
     Премьер-министрдiң
     бiрiншi орынбасары