Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 2 ақпандағы N 110 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң ҚАУЛЫСЫ 1995 жылғы 1 қыркүйек N 1212. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000.08.03. N 1176 қаулысымен. ~P001176

      "Шетелдiк инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (жалпы бөлiм) 383-бабының негiзiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "ДАЭКО" акционерлiк компаниясының импортталатын тауарларына кеден бажының ставкаларын және тиiсiнше 1995 жылдың 11 қаңтарына және 1 сәуiрiне дейiн қолданылған қосымша құн салығын салу тәртiбiн қолдану туралы Қазақстан Республикасының Кеден-тариф кеңесiнiң 1995 жылғы 19 шiлдедегi N 4 шешiмiне келiсiм берiлсiн.
 
      Премьер-министр