"Балқашмыс" акционерлiк қоғамын құру және оның мемлекеттiк акциялар пакетiнiң бiр бөлiгiн сату туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеiнiң Қ А У Л Ы С Ы 1995 жылғы 11 тамыз N 1118

      Азиялық Даму Банкi Арнаулы көмегiнiң жобасы жөнiндегi кәдiмгi операция займы қаражатын тиiмдi пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      осы займды өтеу кестесiне сәйкес 1995 жылдан бастап жыл сайынғы бюджет жобасында проценттер төлеуге, ал 2000 жылдан бастап - проценттер мен негiзгi борышты өтеуге қажеттi қаржы көздейтiн болсын;
      1995 жылдан бастап жыл сайынғы бюджет жобасында осы займ қаражатын пайдалануды тексеру жөнiнде тәуелсiз халықаралық аудитор фирмасының қызметiне төлеу үшiн қажеттi қаржы қарастырсын.
      2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Шетел капиталын пайдалану жөнiндегi комитет:
      1994 жылғы қыркүйектен қарашаға дейiнгi кезең iшiнде

ұсынылған кеден декларациясы мен басқа да бiрге берiлген құжаттар
негiзiнде 15,0 (он бес) млн. АҚШ доллары сомасына ретроактивтi
қаржыландыру жөнiндегi импорт тауарларын көрсететiн жиынтық кесте
әзiрлеп, Азиялық Даму Банкiне жiберсiн;
     займ қаражатын пайдалану есебiн жүзеге асырсын, сондай-ақ
осы мәселе бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi
мен Азиялық Даму Банкiне есеп беретiн болсын.
     
     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi