Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару және құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақыларын өсiру туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң ҚАУЛЫСЫ 1995 жылғы 11 шiлде N 945. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.12.25. N 1620 қаулысымен.

       Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009.06.18 N 829 Жарлығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын Z952368_ жүзеге асыру мақсатында қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi 1995 жылғы 1 тамызға дейiн:
      Қазақстан Республикасының заң актiлерiн "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына сәйкес келтiру туралы Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыныс жасасын;
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң аталған Жарлығына сәйкес келтiрсiн.
      Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi мен ведомстволары Қазақстан Республикасы Президентiнiң аталған Жарлығына қайшы келетiн өздерiнiң нормативтiк актiлерi мен нұсқамаларын қайта қарауын және күшiн жоюын қамтамасыз етсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi