Халықты жұмыспен қамтудың 1995 жылға арналған бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 13 маусымдағы N 820. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      Жер қойнауын пайдалану саласында ақпараттық-консультациялық қызметтi жүзеге асыру үшiн және Қазақстан Республикасының Минералдық-шикiзаттық кешенiне инвестициялар тартуды одан әрi ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiнiң Геологиялық мұражайы мен "Минеральные ресурсы Казахстана" журналы редакциясының негiзiнде бизнес клубымен бiрге Қазақстан Республикасының Минералдық-шикiзаттық кешенiнiң ақпараттық-презентациялық орталығын құру туралы Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiнiң бастамасы қолдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Минералдық-шикiзаттық кешенiнiң ақпараттық-презентациялық орталығына өзiн-өзi ақтауды қамтамасыз ету үшiн бизнестiк қызмет көрсетуге, сауда-тамақтандыру қызметiн көрсетуге және спорт клубына рұқсат берiлсiн.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi