1. Қазақстан Республикасының Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiмен ынтымақтастық жөнiндегi мемлекеттiк комитетi (бұдан әрi - ТМД елдерiмен ынтымақтастық жөнiндегi комитет) Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттермен ынтымақтастық саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк саясатын жүзеге асыратын атқару өкiметiнiң орталық органы болып табылады деп белгiленсiн.
ТМД елдерiмен ынтымақтастық жөнiндегi комитет Балтық мемлекеттерiмен ынтымақтастық саласында да осындай қызметтi атқарады.
2. ТМД елдерiмен ынтымақтастық жөнiндегi комитет республикалық мүдделерiн негiзге ала отырып, Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп ТМД және Балтық елдерiмен интеграцияның сауда-экономика, валюта, кеден, әскери-саяси мәселелерi мен өзге де салаларында мемлекетаралық, үкiметаралық шарттар мен келiсiмдер жасау жөнiндегi министрлiктер мен ведомстволардың қызметiн үйлестiрудi жүзеге асырады деп белгiленсiн.
ТМД елдерiмен ынтымақтастық жөнiндегi комитетке Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп министрлiктер мен ведомстволардың жасаған мемлекетаралық және үкiметаралық келiсiмдер мен шарттар орындауына бақылау жасау құқы берiлсiн.
3. <*>
Ескерту. 3-тармақтың күшi жойылған - ҚРМК-нiң 1995.12.19.
N 1806 қаулысымен.
4. Министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттер мен
ведомстволардың орталық аппараты қызметкерлерiнiң штат саны 2 қосымшаға сәйкес 45 адамға қысқартылсын. <*> Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi қысқартылған адамдарды ескере отырып, тиiстi министрлiктер мен ведомстволардың орталық аппаратын ұстауға жұмсалатын шектi шығындарға өзгертулер енгiзсiн. Ескерту. 4-шi тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995.08.04. N 1078 қаулысымен. 5. <*> Ескерту. 5-тармақтың күшi жойылған - ҚРМК-нiң 1995.12.19. N 1806 қаулысымен. 6. <*> ЕСКЕРТУ. 6-тармақтың күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1996.08.20. N 1033 қаулысымен.
7. Кемiнде екi жыл жұмыс iстеген және халықаралық қатынастар саласында тиiстi тәжiрибесi бар ТМД елдерiмен ынтымақтастық жөнiндегi комитетi орталық аппаратының жауапты қызметкерлерi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнiң келiсiмi бойынша кейiн дипломатиялық дәрежелер берiлiп, дипломатиялық жұмысқа ұсынылуы мүмкiн.
8. ТМД елдерiмен ынтымақтастық жөнiндегi комитет Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен және Сыртқы iстер министрлiгiмен келiсiлген Қазақстан Республикасының Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiмен ынтымақтастық жөнiндегi мемлекеттiк комитетi туралы Ереженi әзiрлеп, оны бiр ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiнiң бекiтуiне ұсынсын
9. ТМД елдерiмен ынтымақтастық жөнiндегi комитеттiң орталық аппаратын ұстауға арналған шығындарды қаржыландыру Қазақстан Республикасының республикалық бюджетiнде қарастырылған мемлекеттiк басқару органдарын ұстауға арналған қаржы есебiнен жүзеге асырылады.
10. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi оның материалдық-техникалық базасын дамыту мен нығайтуды, сондай-ақ автоматтандырылған режимдегi ақпарат жүйесiн құруды ескере отырып, ТМД елдерiмен ынтымақтастық жөнiндегi комитетке бөлiнетiн бюджет қаржысының сомасын айқындасын.
11. <*>
Ескерту. 11-тармақ күшiн жойған - ҚР Үкiметiнiң 1996.01.18.
N 68 қаулысымен.
12. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi ТМД елдерiмен ынтымақтастық жөнiндегi комитеттi байланыстың үкiметтiк каналдарымен, сондай-ақ қажеттi телефон, телекс және телефакс байланысымен, оның iшiнде бұлардың халықаралығымен бiрiншi кезекте қамтамасыз етсiн.
13. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Аппаратынан ауыстырылған Ынтымақтастықмемкомы қызметкерлерiне бұрынғы жұмыс орнындағыдан төмен емес еңбекке ақы төлеу және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қызметкерлерiне көзделген медициналық қызмет көрсету шарттары қолданылсын.
14. <*>
Ескерту. 14-тармақтың күшi жойылған - ҚРМК-нiң 1995.12.19.
N 1806 қаулысымен.
15. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi ТМД елдерiмен ынтымақтастық жөнiндегi комитетпен бiрлесiп Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiмен және Балтық мемлекеттерiмен ынтымақтастық саласындағы министрлiктердiң, ведомстволар мен жергiлiктi басқару органдарының функциялары мен қызмет аяларын шектеу және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң шешiмдерiн "Қазақстан Республикасының Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiмен ынтымақтастық жөнiндегi мемлекеттiк комитетiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 мамырдағы N 2286 Жарлығымен және осы қаулымен сәйкестендiру жөнiндегi ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне бiр ай мерзiм iшiнде ұсынсын.
16. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару
жөнiндегi мемлекеттiк комитетi оның қызметiнiң ерекшелiгiн ескере отырып, ТМД елдерiмен ынтымақтастық жөнiндегi комитеттiң орталық аппаратын орналастыру үшiн Алматы қаласында үй-жай бөлудi 10 күн мерзiм iшiнде қамтамасыз етсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 13 маусымдағы N 819 қаулысына 1 қосымша Қазақстан Республикасының Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiмен ынтымақтастық жөнiндегi мемлекеттiк комитетi орталық аппаратының Құрылымы Басшылық Ынтымақтастық стратегиясы мен ұйымдастырылуы жөнiндегi бас басқарма Ынтымақтастықтың экономикалық проблемалары жөнiндегi бас басқарма Көптарапты және қостарапты экономикалық шарттар мен бағдарламалардың басқармасы (жетекшi) Әлеуметтiк бағдарламалар мен экология жөнiндегi басқарма (жетекшi) <*> Ақпараттық-талдау жұмыстары жөнiндегi бөлiм <*> Хаттама бөлiмi <*> Қаржылық қамтамасыз ету, кадр саясаты және арнаулы жұмыс басқармасы (жетекшi) <*> Ескерту. 1-шi қосымшаға өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995.07.31. N 1043 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 13 маусымдағы N 819 қаулысына 2 қосымша
Орталық аппараты қызметкерлерiнiң штаттық
саны қысқартылатын Қазақстан Республикасы министрлiктерi мен ведомстволарының Тiзбесi ------------------------------------------------------------------- Министрлiктер мен ведомстволар | Қысқартылған | адамдар саны ------------------------------------------------------------------- 1 | 2 ------------------------------------------------------------------- Денсаулықминi 1 <*> Мәдениетминi 2 Ғылымминi 2 Бiлiмминi 2 Қорғанысминi 2 Баспасөзинi 1 <*> Жастартурспортминi 1 Ауылшарминi 4 Көлiкминi 4 Мұнайгазөнеркәсiпминi 1 Еңбекминi 1 Құрылысминi 2 Қаржыминi 2 Экономминi 3 Энергиякөмiрөнеркәсiпминi 1 Экобиоресурсминi 2 Әдiлетминi 2 Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Аппараты 2 Мемстатком 2 Суресурскомы 1 Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiнде комитет 1 "Қазақкино" мемкинокомпаниясы 1 Қазгидромет 1 Мемстандарт 1 Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Ұлттық патент ведомствосы 1 Ұлттық аэроғарыш агенттiгi 2 -------------------------- Барлығы 45 <*> Ескерту. 2-шi қосымшаға өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995.08.04. N 1078 қаулысымен.