Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi жеке құрамының ақшалай үлесi (еңбек ақысы) туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 24 мамыр N 733. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.12.25. N 1620 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылы 21 сәуірде "Құнды қағаздар және қор биржасы туралы" заң күші бар N 2227 Жарлығының қабылдауына байланысты және бағалы қағаздар рыногын реттеу және инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Құнды қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы
                     Қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасындағы акционерлік қоғамдардың шығарған акцияларын тіркеу және өтеу туралы Ереже бекітілсін.
      2. Құнды қағаздардың Мемлекеттік реестрін жүргізу тәртібі және Құнды қағаздар идентификациясының Ұлттық санды жүйесі туралы Ереже бекітілсін.
      Қазақстан Республикасының Құнды қағаздар жөніндегі ұлттық

комиссиясының құнды қағаздар эмиссиясын тіркеу басқармасы жаңа құнды 
қағаздар эмиссиясын тіркеуді Құнды қағаздар идентификациясының Ұлттық 
санды жүйесіне сәйкес Ұлттық идентификациялық нөмірлерін бере отырып 
жүргізсін.
     3. Осы Қаулының орындалысына жауапты болып А.Бейсенбаев тағайындалсын.
     4. "Ұлттық комиссияның Жаршысы" редакциясы құнды қағаздар эмитенттері 
мен құнды қағаздар рыногының қатысушылары танысу үшін осы ережелерді 
жариялауды қамтамасыз етсін.
     
     Ұлттық комиссияның Төрағасы