Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласындағы (ГФР) Бас Консулдығының мәселелерi

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 23 наурыздағы N 324. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 27 шілдедегі N 781 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласында (ГФР) Бас Консулдығының ашылуына байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласындағы (ГФР) Бас Консулдығының штаттық саны 8 адам болып бекiтiлсiн. 
      2. Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласындағы (ГФР) Бас Консулының лауазымдық еңбек ақысы шетел валютасымен айына 2375 (екi мың жүз жетпiс бес) АҚШ доллары мөлшерiнде белгiленсiн. Бас Консулдық қызметкерлерiнiң лауазымдық еңбекақылары Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласындағы (ГФР) Бас Консулының шетел валютасымен алатын еңбекақысына қарай штаттық кестеге сәйкес белгiленсiн. 
      3. Бас Консулдық қызметкерлерiне медициналық қызмет көрсетiлуiне аударым олардың АҚШ долларымен алатын жалақысы қорының 2 процентi мөлшерiнде белгiленсiн. 
      4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қаржы министрлiгiмен келiсу бойынша Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласындағы (ГФР) Бас Консулдығының штаттық кестесi мен шығыстар сметасын бекiтсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1995 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен қаржы бөлiнуiн қамтамасыз етсiн.     

      Қазақстан Республикасы
       Премьер-министрiнiң
       бiрiншi орынбасары