Жүктердi темiр жол көлiгiмен тасымалдаған кезде қолданылатын айыппұл санкцияларының мөлшерi туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 27 ақпандағы N 206. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. 1995 жылдың 1 қаңтарынан бастап Темiржол жарғысының тиiстi баптарында көзделген айыппұл санкцияларының ставкалары мына мөлшерде белгiленсiн: 
      50-бапқа сәйкес темiр жолдың вагондарды беру мен тазалауды кiдiрткенi үшiн - әр вагон үшiн сағатына 8 теңге; 
      104-бапқа сәйкес контейнерлердi тiкелей аралас қатынас тасымалы кезде белгiленген мерзiмнен артық кешiктiргенi үшiн, брутто салмағы 5 тоннадан артық контейнердi кiдiрткен әр тәулiгi үшiн- 27 теңге, брутто салмағы 5 тонна және одан кем болса - 4 теңге;
     118-бапқа сәйкес жүк тасымалдау жоспарын орындамағаны және  вагондардың бос тұрғаны үшiн:
     тасымалдау тоннамен және вагонмен жоспарланатын жүктер бойынша әр тоннасына - 13,5 теңге;
     тасымалдау тек вагонмен жоспарланатын жүктер бойынша вагонына 675 теңге;
     контейнермен тасымалданатын жүктер бойынша:
     брутто салмағы 30 т. контейнер үшiн 405 теңге,
     брутто салмағы 20 т. контейнер үшiн 270 теңге,
     брутто салмағы 10 т. контейнер үшiн 135 теңге,
     брутто салмағы 5 т. контейнер үшiн 68 теңге,
     брутто салмағы 3 т. контейнер үшiн 40 теңге,
     брутто салмағы 3 тоннадан кем контейнер үшiн 20 теңге.
     Жүктердi тiкелей аралас темiр жол-автомобиль қатынасымен тасымалдау жоспарын орындамағаны үшiн темiр жолдар мен автокөлiк кәсiпорындары әр тоннасына - 1,35 теңгеден айыппұл төлейдi. 
      Вагондарды тиеу және түсiру кезiнде тораптық келiсiмде белгiленген мерзiмнен артық кешiктiргенi үшiн, сондай-ақ ауыстыратын станцияға келген жүгi бар вагондарды қабылдауды кiдiрткенi үшiн кеме мекемесi, порт, айлақ айыппұл төлейдi. Кәдiмгi вагондарды (жабық вагон, төбесi ашық вагон, жайдақ вагон) 
кiдiрткен кезде, әр вагон үшiн сағатына - 5,5 теңге.
     118-бапқа сәйкес, кемеден түсiрiлмеген жүктiң әр тоннасына өзi жүретiн кеменiң босқа тұрғаны үшiн тәулiгiне - 5,5 теңге, өзi жүрмейтiн кеме үшiн - 2,75 теңге. 
     144-бапқа сәйкес жүк тасымалдау жоспарын орындамағаны үшiн:          тасымалдау тоннамен және вагонмен жоспарланатын жүктер бойынша - әр тоннасы үшiн 13,5 теңге;
     тек вагонмен жоспарланса - әр вагон үшiн 675 теңге;      контейнермен жоспарланса:
     брутто салмағы 30 тонна контейнер үшiн 405 теңге;
     брутто салмағы 20 тонна контейнер үшiн 270 теңге;
     брутто салмағы 10 тонна контейнер үшiн 135 теңге;
     брутто салмағы 5 тонна контейнер үшiн 68 теңге;
     брутто салмағы 3 тонна контейнер үшiн 40 теңге;
     брутто салмағы 3 тоннадан аз контейнер үшiн 20 теңге.
     Жүктердi белгiленген жолдармен тасымалдау жоспарын орындамағаны үшiн:
     тасымалдау тоннамен және вагонмен жоспарланатын жүктер бойынша - әр тоннасы үшiн 4 теңге;
     тек вагонмен жоспарланса - әр вагон үшiн 270 теңге;     контейнермен жоспарланса:
     брутто салмағы 30 тонна контейнер үшiн 120 теңге,
     брутто салмағы 20 тонна контейнер үшiн 80 теңге,
     брутто салмағы 10 тонна контейнер үшiн 40 теңге,
     брутто салмағы 5 тонна контейнер үшiн 20 теңге,
     брутто салмағы 3 тонна контейнер үшiн 12 теңге,
     брутто салмағы 3 тоннадан аз контейнер үшiн 6 теңге.
     Маршрутқа тиеудi қамтамасыз етпегенi үшiн - әр маршрутқа 1000 теңге:
     155-бапқа сәйкес құжатта жүктiң атын дұрыс көрсетпегенi үшiн:
     вагонмен жөнелткенде әр вагон үшiн - 200 теңге, контейнермен жөнелткенде - әр контейнер үшiн 27 теңге, ұсақ-түйектердi жөнелткенде - әр контейнер үшiн 27 теңге, ұсақ-түйектердi 
жөнелткенде әр жөнелту үшiн - 27 теңге. 
     155-бапқа сәйкес жалпы жүйелiк парктiң вагондары мен контейнерлерiн темiр жолдың рұқсатынсыз пайдаланғаны үшiн тәулiгiне:
     әр вагонға - 675 теңге, әр контейнерге - 340 теңге;
     156-бапқа сәйкес вагондарды белгiленген мерзiмiнен артық ұстағаны үшiн:
     1-6 сағат бос тұрса - әр вагон үшiн сағасына 8 теңге,
     7-12 сағат бос тұрса - әр вагон үшiн сағатына 16 теңге,
     13-18 сағат бос тұрса - әр вагон үшiн сағатына 24 теңге,
     18 сағаттан артық бос тұрса, әр вагон үшiн сағатына 40 теңге.
     156-бапқа сәйкес салынып жатқан жол желiлерiнде вагондардың жұмыс паркiнiң белгiленген нормаларынан артық кiдiрткенi үшiн: 
     кәдiмгi вагон үшiн сағатына - 4 теңге, арнаулы вагон үшiн
сағатына - 8 теңге, рефрижератор вагон үшiн сағатына - 12 теңге.
     157-бапқа сәйкес контейнерлердi белгiленген нормадан артық кiдiрткенi үшiн:
     брутто салмағы 30 тонна контейнер үшiн сағатына 12 теңге,
     брутто салмағы 20 тонна контейнер үшiн сағатына 8 теңге,
     брутто салмағы 10 тонна контейнер үшiн сағатына 4 теңге,
     брутто салмағы 3 тонна контейнер үшiн сағатына 1 теңге
     брутто салмағы 3 тоннадан кем контейнер үшiн сағатына 0,5 теңге.
     159-бапқа сәйкес вагондар мен контейнерлерге салмаған немесе көлемiн аз етiп жүк тигенi үшiн:
     вагонның техникалық немесе жүк көтерiмдiлiк нормаларына жеткiзiлмеген әрбiр толық 100 кг үшiн - 13,5 теңге;
     толық сыйымдылығына жеткiзiлмей, жүк тиелген әрбiр вагон үшiн 
- 270 теңге.
     161-бапқа сәйкес тазартылмаған жылжымалы құрамды жүк тиеуге кәдiмгi вагон үшiн - 200 теңге арнаулы вагон үшiн - 400 теңге;
     163-бапқа сәйкес кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң
иелiгiндегi немесе олар жалға алған вагондар мен контейнерлердi темiр жол өз бетiнше алып қойса: 
     вагон үшiн - 675 теңге,
     контейнер үшiн - 340 теңге.
     2. Темiр жол көлiгiмен жүктердi тасымалдау кезiнде айыппұл мөлшерiн арттыру мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi қосымшаға сәйкес жойылған деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi

Қазақстан Республикасы     
Министрлер Кабинетiнiң     
1995 жылғы 27 ақпандағы     
N 206 қаулысына         
Қосымша               

            Темiр жол көлiгiмен жүктердi тасымалдау кезiндегi
             айыппұл мөлшерiн арттыру жөнiндегi Қазақстан
             Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр
                             шешiмдерiнiң
                               ТIЗБЕСI

      1. "Темiржол Жарғысында көзделген айыппұл мөлшерiн арттыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 28 тамыздағы N 721 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 34, 522-бап). 
      2. "Темiржол көлiгiмен жүктердi тасымалдау кезiндегi айыппұл мөлшерiн арттыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 11 наурыздағы N 196 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 1993 ж., N 8, 95-бап). 
      3. "Темiр жол көлiгiмен жүктердi тасымалдау кезiндегi айыппұл мөлшерiн арттыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 30 қыркүйектегi N 975 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 40, 468-бап). 
      4. "Темiржол көлiгiмен жүктерi тасымалдау кезiндегi айыппұл мөлшерiн арттыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 16 наурыздағы N 278 қаулысы (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 1994 ж.,N 14, 135-бап).