Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кеден қызметтерiнiң қызметтiк және арнаулы жеңiл автомобильдерiнiң лимитi туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 7 ақпан N 121. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000.02.24. N 288 қаулысымен. ~P000288

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң аумақтық органдарының шектi саны 472 бiрлiкке көбейтiлсiн. 
      2. 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап аумақтық органдарды, әкiмшiлiктiң бұрынғы баға бөлiмiн қоса қаржыландыру республикалық бюджетте мемлекеттiк басқару органдарын ұстауға көзделген қаражат есебiнде жүргiзiлсiн. 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi