Өнеркәсiп және ауыл шаруашылығы өнiмiн биржалық сатуды кеңейту жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 25 қаңтар N 89. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.07.28. N 1035 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      Бiр кәсiпорындағы технологиялық процестiң аяқталмауына және түскен пайданың орындалған жұмыс көлемiне сәйкес келмеуiне байланысты "Қазақтелеком" Ұлттық акционерлiк компаниясына 1995 жылы компанияға кiретiн телекоммуникациялар кәсiпорындарының негiзгi қызметiнен түсетiн пайданы олардың өндiрiстiк процеске үлестiк қатысуына қарай қайта бөлуге рұқсат берiлсiн.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi