Өнеркәсiп және ауыл шаруашылығы өнiмiн биржалық сатуды кеңейту жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 25 қаңтар N 89. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.07.28. N 1035 қаулысымен.

Күшін жойған
      Тауар биржаларын сұраныс пен ұсыныстың шоғырлануын қамтамасыз ететiн ұйымдасқан рынок ретiнде дамыту, өнiм мен тауарға объективтi бағалар қалыптастыру, Қазақстан биржаларына шетелдiк субъектiлердi тарту, республикаға шетелдiк валютаның келуiн көбейту, Қазақстан банкiлерiнде ТМД мемлекеттерiнiң арнайы корреспонденттiк есепшоттар ашуын ынталандыру, өнiмдi экспорттаушылар арасында бәсекелестiктi дамыту мен республика бюджетiне түсетiн қаражатты ұлғайту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. 1995 жылдың 1 қаңтарынан бастап:
      осы қаулының қосымшасында көрсетiлген тауарларды биржа тауарларының iшкi және сыртқы рыноктарында сату Қазақстан Республикасының тауар биржаларында контрактiлер жасау немесе оларды тiркеу жолымен жүзеге асырылады. Бұл ретте биржалық тауарлар бойынша қосымшада көрсетiлген ең аз мөлшерiнен асатын көлемде биржадан тыс жасалған мәмiлелер Қазақстан Республикасының тауар биржаларында мiндеттi тiркелуге жатады;
     тауар өндiрушiлердiң қалауына қарай тауар биржаларында сатуға осы қаулының қосымшасында көрсетiлмеген өзге де өнiм шығарылуы мүмкiн деп белгiленсiн.
      2. Өнiмдi, оның iшiнде стратегиялық жағынан маңызды өнiмдi экспорттауға ұзақ мерзiмдi не бiржолғы лицензиясы бар тауар өндiрушiлер мен шаруашылық жүргiзушi субъектiлер оны республиканың тауар биржаларында сата алады.
      3. Бюджетке келетiн салық түсiмдерiн көбейту мақсатында биржаларда жасалған барлық мәмiлелер тiркеледi.
      Кеден органдары тауар биржаларында сатылатын тауарларды олардың сатып алу-сату жөнiндегi мәмiлесi республиканың тауар биржаларында жасалып, тiркелген жағдайда, ал лицензиялауға жататын тауарларды - лицензиясы болған жағдайда ғана Қазақстан Республикасынан тысқары шығаратын болсын.
      4. Тауар биржаларының қызметi үшiн алынатын биржалық комиссиялық алымдардың және контрактiлердi тiркегенi үшiн алынатын алымдардың ставкалары қолданылып жүрген заңдарға сәйкес белгiленедi.
      5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетi, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас салық инспекциясы республиканың банкiлерi мен биржаларына өткiзiп отырған өнiмдi сатып алу-сату операцияларының заңға сәйкес жүргiзiлуiне жүйелi түрде тексеру жүргiзiп отырсын.
      6. Қазақстанның халықаралық агроөнеркәсiп биржасы биржадағы бағаларды, сатуға қойылатын тауарлардың тiзбесi мен олардың бастапқы бағаларын республикалық баспасөзде ұдайы жариялап отырсын.
      7. Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi 1995 жылдың 1 қаңтарынан бастап тоқсан сайын сатылған тауардың номенклатурасы мен көлемiн, сату бағасын, сатып алушының атауы мен тауар жөнелтiлетiн елдiң атын көрсете отырып биржалық сауда туралы статистикалық есеп берiп отырсын. Бұған қоса, статистикалық деректер республиканың биржаларында сатылған тауардың жалпы көлемi туралы мәлiметтер бiлдiруге тиiс.
      Республиканың биржалары мен Қазақстан Республикасы Қаржы

министрлiгiнiң Бас кеден басқармасы Қазақстан Республикасының
Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң
органдарына қажеттi ақпарат берiп тұрсын.
     8. Осы қаулыны жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасында
жұмыс iстеп отырған тауар биржаларына 2 ай мерзiмде облыстарда
еншiлес кәсiпорындар құру ұсынылсын.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-министрi
                                   Қазақстан Республикасы                  
          
                                   Министрлер Кабинетiнiң
                                   1995 жылғы 25 қаңтардағы
                                       N 89 қаулысына
                                            Қосымша

              Қазақстан Республикасының тауар биржаларында
                  тiркелетiн биржалық тауарлардың 
                              ТIЗБЕСI 
<*>

     Ескерту. Тiзбе жаңа кодтармен толықтырылды - ҚРМК-нiң 1995.03.18.
              N 301 қаулысымен.
--------------------------------------------------------------------
    Тауарлардың қысқаша      |Сыртқы экономикалық|
          атауы              |қызметтiң тауар    | Бiр партиясының
                             |номенклатурасының  |  ең аз мөлшерi
                             |    коды           |  
--------------------------------------------------------------------
 Аккумуляторлар                    8507               500 дана
 Автошиналар                       4011               500 дана
 Цемент                            2523               1 вагон
 Қара металл прокаты             7208-7212            200 т
 Көмiр, оның iшiнде 
 кокстелетiн көмiр                 2701               10 вагон
 Ұн                                1101, 1102          1 вагон
 Ет                                0201-0205           1 вагон
 Шикi мұнайдың (газ конденсатын    ТН ВЭД 2709,
 қоса) және оны өңдеу              271000330,
 өнiмдерiнiң 
<*>
                   271000350,
                                   271000510,
                                   271000690,
                                   271000790
 Түстi металдардың, прокат         ТН ВЭД 7401-7403,
 және олардан жасалған             7604, 7801, 7803,
 бұйымдардың 
<*>
                   7901, 7904, 7905,
                                   8104