Қазақстан Республикасын вакцинамен қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен ЮНЕСЕФ арасындағы келiсiмдi жүзеге асыру туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 24 қаңтардағы N 77

      Алматы қаласында 1994 жылғы 30 қарашада қол қойылған Қазақстан Республикасын вакцинамен қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен ЮНИСЕФ арасындағы Келiсiмдi орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. 1995-2000 жылдардағы кезеңде вакциналар сатып алу үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ЮНИСЕФ-ке өткiзетiн жыл сайынғы жарналарының осыған қосылған кестесi бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi:
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Қазақстан Республикасындағы ЮНИСЕФ Өкiлдiгiне 1995-2000 жылдардағы кезеңде вакциналарға қажеттiлiктiң жыл сайынғы есебiн түсiрiп отырсын;
      аталған Келiсiм бойынша берiлген барлық вакциналардың

алынуын, кеденнен өтуi мен бөлiнуiн қамтамасыз етсiн.
     3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1995-2000
жылдары бойында бюджеттердiң тиiстi жобаларын жасаған кезде 
вакциналар сатып алу үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
ЮНИСЕФ-ке жыл сайынғы өткiзетiн жарналардың кестесiне сәйкес
вакциналардың сатып алуына қаражат бөлiнуiн көздейтiн болсын.
          
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-министрi
                                    Қазақстан Республикасы
                                    Министрлер Кабинетiнiң
                                    1995 жылғы 24 қаңтардағы
                                     N 77 қаулысымен
                                         Бекiтiлген

            1995-2000 жылдардағы кезеңде вакциналар сатып
          алу үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ЮНИСЕФ-ке
                 өткiзетiн жыл сайынғы жарналарының
                           КЕСТЕСI
----------------------------------------------------------------
  Жылы  |   Төлену     |   АҚШ-тың мың доллары  |  Төлемнiң жалпы
        |   мерзiмi    |       сомасында        | сомасы /АҚШ-тың мың
        |              |                        | доллары сомасында/
----------------------------------------------------------------
 1995     30 тамыз            20.593                 20.593
 1996     30 сәуiр            63.758                   
          30 тамыз            63.758                127.516
 1997     30 сәуiр           132.852
          30 тамыз           132.852                265.704
 1998     30 сәуiр           171.691
          30 шiлде           171.691
          30 қыркүйек        171.691                515.074
 1999     30 сәуiр           212.879 
          30 шiлде           212.879
          30 қыркүйек        212.879                638.639
 2000     30 сәуiр           308.404
          30 шiлде           308.404
          30 қыркүйек        308.404                925.214
       -------------------------------------------------------
  ЖИЫНЫ: (екi миллион төрт жүз тоқсан екi мың     2 492.740 
жетi жүз қырық АҚШ доллары)