Мемлекеттiк су кадастрын жүргiзу тәртiбiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 24 қаңтардағыы  N 75.
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.12.31. N 1378 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Су кодексiн күшiне енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1993 жылғы 31 наурыздағы N 2062 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi  қаулы етедi:
      1. Су қорғау аймақтары мен белдеулерi туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
      2. "Қазақ ССР-i кiшi-гiрiм өзендерiнiң су қорғау аймақтары туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақ ССР-i Министрлер Кеңесiнiң 1982
жылғы 30 маусымдағы N 278 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi

Қазақстан Республикасы      
Министрлер Кабинетiнiң      
1995 жылғы 27 қаңтардағы      
N 102 қаулысымен          
Бекiтiлген              

          Су қорғау аймақтары мен белдеулерi туралы
                          Ереже

      1. Қазақстан Республикасының Су кодексiне сәйкес, жер бетiндегi су тоғандарының қолайлы су режимiн, сақтау, оларды қайырлану мен шөп басудан, топырақтың су эрозиясынан, су хайуанаттары мен құстарының мекендеу жағдайының нашарлануынан сақтандыру, су ағысының құбылмалылығын азайту мақсатында су қорғау аймақтары мен белдеулерi белгiленедi.
      Өзен, көл, су қоймасы, суару-суландыру жүйелерi акваторияларына iргелес жатқан аумақ - су қорғау аймағы болып табылады, онда суды ластанудан, былғану мен сарқылудан сақтандыру, оларды экологиялық тұрақтылық пен тиiстi санитарлық жағдайда сақтау мақсатында пайдаланудың айрықша шарттары белгiленедi.
      Су қорғау аймақтары шегiнде шаруашылық қызметi қатаң шектелетiн әрi санитарлық-қорғау мәнi бар аумақ болып табылатын су қорғау белдеулерi бөлiнедi.
      2. Су қорғау аймақтары мен белдеулерi және осы аймақтар мен белдеулердiң жерiн шаруашылыққа пайдалану режимi мемлекеттiк санитарлық қадағалау, табиғатты қорғау, орман шаруашылығы, балық қорғау, жерге орналастыру қызметi мен селден қорғау (сел қаупi бар аудандарда) органдарымен келiсiле отырып бекiтiлген жобалық құжаттардың негiзiнде жасалған мемлекеттiк су ресурстарын басқару органдарының ұсыныстары бойынша жергiлiктi әкiмшiлiктердiң шешiмдерiмен белгiленедi.
      Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн жобалауды мемлекеттiк су ресурстарын басқару органдарының өтiнiмдерi бойынша мамандандырылған жобалау ұйымдары жүзеге асырады.
      Жекелеген су объектiлерi (немесе олардың учаскелерi) бойынша су қорғау аймақтары мен белдеулерiн жобалауға, нақтылы объект бойынша су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеудiң қажеттiлiгiне мүдделi заңды ұйымдар да тапсырыс жасай алады. Мұндай жағдайда жобалауға тапсырма мен жоба мемлекеттiк су ресурстарын басқару органымен мiндеттi түрде келiсiлуге жатады.
      3. Өзен жайылмасын, жайылма үстiндегi террассаларды, негiзгi жағдайлардың тiк жарқабақтарын, жыра мен сайларын қоса есептегенде, орташа көпжылдық межеленген су деңгейi ернеуiнен бастап әрбiр жаға бойынша су қорғау аймағының ең тар енi:
      - кiшi-гiрiм өзендер үшiн (ұзындығы 200 км дейiн) - 500 м;
      - қалған өзендер үшiн:
      шаруашылыққа пайдаланудың қарапайым жағдайында және су жиналымындағы қолайлы экологиялық жағдайда - 500 м;
      шаруашылыққа пайдаланудың күрделi жағдайында және су жиналымындағы ауыр экологиялық жағдайда - 1000 м болып қабылданады.
      Арналы су қоймалары үшiн су қорғау аймағының ең тар енi, ол орналасқан өзенге арналғандай болып қабылданады. Су қорғау аймағының iшкi шекарасы қалыпты көтерiлген су деңгейiнiң ернеуi бойымен өтедi.
      Құйылма су қоймалары мен көлдер үшiн су қорғау аймағының ең тар енi су тоғандарының айдыны 2 шаршы км дейiн болғанда 300 м және айдыны 2 шаршы км көп болғанда - 500 м болып қабылданады. Көлдер үшiн су қорғау аймағының iшкi шекарасы орташа көпжылдық су деңгейiнiң ернеуi бойымен өтедi.
      Су қорғау аймақтарының аталған көлемi су объектiсiнiң жергiлiктi физикалық-географиялық жағдайларына, шаруашылыққа пайдаланудың маңызы мен сипатына, топырақтық, гидрологиялық, жер бедерлiлiгi, санитарлық-техникалық және iргелес аумақтың басқа жағдайларына байланысты анықтала түсуi мүмкiн.
      Су объектiлерiнiң жағаларына орналасқан орман шоғырлары ормандарды қорғау санатына жатқызудың қолданылып жүрген тәртiбiне сәйкес су қорғау аймағына қосылады.
      Табиғи және жасанды шектелiмдер немесе жоғарыдағы аумақтардан су объектiлерiне үстiңгi жағынан ағын болу мүмкiндiгiн жоятын кедергiлер (өзен алабы ернеулерi мен сайлар, жол-көлiк жүйесi, бөгеттер, ормандар шоғырының шетi және басқалар) су қорғау аймағының шекарасы бола алады.
      Су қорғау аймағы төңiрегiндегi елдi мекендерде, су объектiсiнiң ластануы мен былғануына жол бермейтiн пайдалану режимi сақталуы тиiс.
      4. Су қорғау белдеулерiнiң ең тар енi өзен аңғарының тұрқы мен түрiн, iргелес баурайлардың көлбеулiк шамасын, жағалардың өзгертiлу болжамы мен ауыл шаруашылығы жерлерiнiң құрамын есепке ала отырып анықталады және барлық су объектiлерi үшiн мынадай көлемде қабылданады:
     Су қорғау белдеулерiнiң көрсетiлген көлемi жағалардың он жылдық кезеңдегi болжамдық өзгерулерiнiң енiне ұлғайтылады.
     Ауыл шаруашылығына бағалы жерлерде жағалаулардың бойында ағашты-бұталы белдеулерi немесе қорғағыш және жаға бекiтетiн құрылымдар болған жағдайда су қорғау белдеулерiнiң енiн азайтуға рұқсат етiледi.
     Кiшi-гiрiм өзендерiнiң бастауларында су қорғау белдеулерi төмендегiше:
------------------------------------------------------------------
                              |Баурайлардың көлбеу болғандағы су
                              |қорғау белдеулерiнiң ең тар енi (м)
  Су объектiлерi жағаларына   |------------------------------------
iргелес жатқан жерлердiң түрi ! жағадан | жағаға қарай еңiстiк
                              ! еңiстiк !--------------------------
                              |(нөлдiк  |3 градусқа | 3 градустан
                              | (нөлдiк !3 градусқа ! 3 градустан
                              !         !  дейiн    !    жоғары
--------------------------------------------------------------------
Егiстiк жер                      35          55           100
Шабындықтар, пiшендiктер         30          50            75
Орман, бұта                      25          35            55
Өзгесi (жарамсыз жер)            35          55           100
      - орман өспеген аудандарда - осы Ережеге сәйкес мiндеттi түрде кемiнде енi 20 м ағашты-бұталы белдеу жасалынуымен;
      - орманды аймақтарда - ормандарды қорғау санатына жатқызу тәртiбiне сәйкес белгiленедi.
      Елдi мекендердiң төңiрегiнде су қорғау белдеулерiнiң шекаралары су объектiлерiнiң ластануы мен былғануын болғызбайтын, жағалау аймақтарына мiндеттi инженерлiк немесе орман-мелиорациялық жайғастыру арқылы (парапеттер, жалдар, орманды-бұталы белдеулер және т.б.), оларды жоспарлау мен тұрғызудың нақты жағдайларына қарай белгiленедi.
      Жеке адамдардың пайдаланатын қызметтiк үлестерi, үй жанындағы, саяжай мен бау-бақша учаскелерi су қорғау режимi қамтамасыз етiлген жағдайда су қорғау белдеулерi шегiнде сақталуы мүмкiн.
      5. Су қорғау аймақтарының шекаралары жер иелерi мен жер пайдаланушылардың жерлерiн алып қоймай белгiленедi және олар картографиялық материалдарда көрсетiледi.
      Белгiленген су қорғау белдеулерi шегiндегi аумақ жер иеленушiлер мен жер пайдаланушылардың келiсiмi бойынша жергiлiктi әкiмшiлiктiң шешiмiмен мемлекеттiк су ресурстарын басқару органдарына берiледi және оның шекараларын жерге орналастыру органдары, жер есебi құжаттарына өзгерiстер енгiзе отырып, нақты тұрқына көшiредi, белгiлер қойылады.
      6. Көлiк пен сал ағызу мақсатында және басқа арнайы мұқтаждар үшiн су қорғау аймақтары мен белдеулерi шегiндегi аумақты бөлу мен пайдалану Заңда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк су ресурстарын басқару органы мен басқа арнайы уәкiлдiк органдардың келiсуi бойынша және су объектiсiнiң былғануын, ластануы мен сарқылуын болдырмайтын тиiстi пайдалану режимiн сақтаған жағдайда жүзеге асырылады.
      7. Су қорғау аймағы шегiнде мыналарға:
      су объектiлерiн және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерiн былғану мен ластанудан сақтайтын құралдармен және құрылғылармен қамтамасыз етiлмеген, жаңа және жасалған объектiлердi iске қосуға;
      тыңайтқыштар, пестицидтер, химиялық улы заттар мен мұнай өнiмдерiн сақтайтын қоймаларды, автомашина мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету мен жуу пункттерiн, механикалық шеберханаларды, қоқыс пен өнеркәсiп қалдықтарын төгетiн құрылғыларды, өлген малдар көмiлетiн ұраларды, аппаратураларды пестицидтермен және химиялық улы заттармен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргiзуге арналған ұшу-қону алаңқайларын орналастыру мен жасауға, сондай-ақ сапасына керi әсер ететiн басқа да объектiлердi орналастыруға;
      құрылыс, су түбiн тереңдету және жарылыс жұмыстарын атқару, пайдалы қазбалар өндiру, кабель, құбыр және басқа коммуникацияларды өткiзу, белгiленген тәртiппен мемлекеттiк табиғат қорғау, су ресурстарын басқару органдарымен, жергiлiктi әкiмшiлiктермен және басқа арнайы уәкiлдi органдармен келiсiлген жобасы жоқ бұрғылау, ауыл шаруашылығы және өзге де жұмыстар жүргiзуге;
      су көздерiндегi су жиегiнен 2000 м дейiнгi қашықтыққа орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен егiлген ағаштарды химиялық улы заттармен авиациялық өңдеу және авиациялық жолмен минералды тыңайтқыштармен қоректендiру тәсiлiн қолдануға;
      су тоғандарының режимiн нашарлататын малды тоғыту мен санитарлық өңдеу және шаруашылық қызметiнiң басқа түрлерiне тиым салынады. Су қорғау аймағында өңдеу жұмыстарын жүргiзу қажет болған жағдайда тек қана улылығы аз және орташа, тұрақсыз пестицидтердi пайдалануға рұқсат етiледi;
      концентрациясының рұқсат етiлген шегi белгiленбеген пестицидтердi (ПДК) пайдалануға, қардың үстiне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған ақаба суды және тұрақты хлорорганикалық химиялық улы заттарды тыңайтқыш ретiнде пайдалануға;
      шамадан тыс мал бағуға тыйым салынады.
      Су қорғау белдеулерi шегiнде аталғандардан басқа мыналарға да:
      жер жыртуға, мал бағуға, ағаш-бұта өсiмдiктерiн шабуға;
      органикалық және минералдық тыңайтқыштарды, химиялық улы заттар мен пестицидтердi қолдануға;
      шатырлы қалашықтарды, тұрақты автомобиль аялдамаларын, малдың жазғы жайылымдарын орналастыруға;
      су сағасын, су реттейтiн, қорғау және басқа арнайы мақсаттағы құрылыстардан басқа үйлер мен ғимараттарды тұрғызуға;
      саяжай және ұжымдық бау-бақшаларға учаскелер бөлуге;
      су тоғандарын, олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерiн ластаудан сақтайтын құралдармен және құрылғылармен қамтамасыз етiлмей салынған объектiлердi пайдалануға;
      органикалық және минералдық тыңайтқыштарды қолдануға тиым салынады.
      8. Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн ұйымдастыру су жиналымындағы кешендi су қорғау шараларымен бiрлесе жүргiзiлуi тиiс.
      9. Су қорғау аймақтарын ұйымдастыру сумен жабдықтау курорттық, сауықтыру және халықтың өзге де мұқтаждығына пайдаланылатын су көздерiнiң санитарлық қорғау аймақтарын құруды жоққа шығармайды, олардың шекарасы мен көлемi қолданылып жүрген заңдарға сәйкес белгiленедi.
      10. Су қорғау аймақтары мен белдеулерi белгiленген және олардың шегiндегi жерлердi пайдаланудың режимi туралы шешiмдi жергiлiктi әкiмшiлiк барлық мүдделi мекемелерге, кәсiпорындарға, ұйымдарға, шаруашылықтар мен азаматтарға жеткiзуге мiндеттi.
      11. Су қорғау аймақтарын тиiстi жағдайда ұстау және олардың аумақтарын шаруашылыққа пайдалану режимiн сақтау су қорғау аймақтары шегiнде пайдаланып отырған жерлерi бар, ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк түрiне қарамастан, кәсiпорындарға, ұйымдарға, шаруашылықтарға, сондай-ақ азаматтарға жүктеледi; бұған мемлекеттiк жер қорының аумағы және су қорғау белдеулерiнiң аумақтарын ұстау мемлекеттiк су ресурстарын басқару органына жүктелетiн аумақтар қосылмайды.
      12. Су қорғау аймақтары мен белдеулерiндегi аумақтарды пайдаланудың белгiленген режимiн бұзған кiнәлi адамдар қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жауапқа тартылады.
      13. Су қорғау аймақтары мен белдеулерiндегi аумақтарды пайдалану режимiнiң сақталуын қадағалау Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Су ресурстары жөнiндегi комитетке, Қазақстан Республикасының Экобиоресурстарминiне, Мемжеркомына, Денсаулықминiне, "Қазселқорғау" өндiрiстiк бiрлестiгiне (сел қаупi бар аудандарда) Ішкi iстер министрлiгiне, сондай-ақ жергiлiктi әкiмшiлiктерге жүктеледi.