Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мәселелерi

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 28 желтоқсан 1994 ж. N 1478. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      1. Алматы зергерлiк зауытын жаңғырту жұмысын мемлекеттiк қолдау, импорт бойынша технологиялық жабдықтар, қосалқы бұйым мен шикiзат сатып алу мақсатында Алматы зергерлiк зауытына қымбат металдан жасалған 70 кг зергерлiк бұйымдарды сыртқы рынокта сатуға рұқсат етiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi Алматы зергерлiк зауытына белгiленген тәртiппен аталған мөлшердегi зергерлiк бұйымдарды экспортқа шығаруға лицензия берсiн.

      Премьер-министр