"Қарағандыкөмiр" мемлекеттiк холдинг компаниясының қаржы жағдайын жақсарту туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 26 желтоқсандағы N 1463 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 мамырдағы N 406 Қаулысымен

      Тұрақты жұмысты қамтамасыз ету, бәсекелестiктi дамыту және республиканың мұнай-газ өндiретiн кәсiпорындарына бiрдей жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

      1. Республиканың мұнай-газ өндiретiн кәсiпорындарына 1994 жылғы 20 желтоқсаннан бастап мұнайды /газ конденсатын/ мұнай өңдеу кәсiпорындарына еркiн баға бойынша сатуға рұқсат етiлсiн.

      2.
      Ескерту. 2-шi тармақ күшiн жойған - ҚРМК-нiң 1995.09.26. N 1283 қаулысымен .
      3. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
      "Энергия ресурстарын бағаны ырықтандыру және кейбiр қызмет түрлерiнiң тарифтерiн реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 23 наурыздағы N 288 қаулысының  1 және 2-тармақтары /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж.,N 15, 145-бап/;
      "Оңқазмұнайгаз" өндiрiстiк бiрлестiгi өндiретiн мұнайдың бағасы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 13 мамырдағы N 507 қаулысы;
      Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң 1993 жылғы 7 желтоқсандағы N 561 өкiмi.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-министрiнiң
      бiрiншi орынбасары