Қазақстан Республикасының металлургия өнеркәсiбiне арналған техника қауiпсiздiгi жөнiндегi ғылыми-зерттеу орталықтарын құру туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1994 жылғы 9 қараша N 1238. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000.07.28. N 1154 қаулысымен. ~P001154

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Геодезия және картография бас басқармасы орталық аппаратының Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiлген құрылымы қосымшаға сәйкес, осы аппарат қызметкерлерiнiң саны шегiнде 31 адам болып бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы

Геодезия және картография бас басқармасына Бас басқарма бастығының
бiр орынбасарын, сондай-ақ 9 адам құрамымен алқа ұстауға рұқсат
берiлсiн.
     3. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы 
Геодезия және картография бас басқармасының орталық аппараты үшiн
2 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
            Қазақстан Республикасы
              Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                       1994 жылғы 9 қарашадағы
                                           N 1248 қаулысына
                                            Қосымша
            Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi
         жанындағы Геодезия және картография бас басқармасы
                       орталық аппаратының
                           Құрылымы
     Жоспарлау-техникалық басқарма
     Мемлекеттiк геодезия бақылау инспекциясы
     Қаражат және бухгалтерлiк есеп беру басқармасы
     Жалпы бөлiм