"Қарағандыкөмiр" мемлекеттiк холдинг компаниясы үшiн технологиялық және машина жасау жабдықтарын сатып алуға шетел кредиттерiн тарту туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 13 қазандағы N 1164 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 мамырдағы N 406 Қаулысымен

      Мемлекеттiк өкiметтiң жоғары органдарының қызметiн қаржылық, материалдық-техникалық және әлеуметтiк-тұрмыстық қамтуды жетiлдiру мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратының Шаруашылық басқармасы Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Шаруашылық басқармасы болып қайта құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Шаруашылық басқармасы Президентке, Вице-Президентке, Премьер-министр мен оның орынбасарларына, Жоғарғы Кеңестiң төрағасы мен оның орынбасарларына, Мемлекеттiк кеңесшiлерге, Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстан Мемлекетаралық кеңесi атқару комитетiнiң төрағасына, Үкiмет мүшелерiне, Президент Аппаратының, Министрлер Кабинетi Iс Басқармасының қызметкерлерiне, Конституциялық Соттың, Жоғарғы Соттың, Жоғары төрелiк Соттың төрағаларына, Бас Прокурорға, Ұлттық банктiң, Экспорт-импорт банкiнiң төрағаларына, Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкiнiң президентiне, облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерiне, республикалық ұйымдардың мәртебесi жөнiнен Үкiмет мүшелерiне теңестiрiлген басшыларына қызмет көрсетудi жүзеге асырады деп белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Шаруашылық басқармасы бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Шаруашылық басқармасы туралы Ереже әзiрлеп, бекiтуге ұсынсын.
      4. Владимир Васильевич Ни Президент Аппараты Басшысының орынбасары - Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Шаруашылық басқармасының бастығы болып тағайындалсын.
             Қазақстан Республикасының
                 Президентi