Нанның, нан-тоқаш тағамдарының, тарының, ұнтақ жарманың, пiсiрiлген нан орнына сатылатын ұнның және құрама жемнiң бағасын ырықтандыру туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 11 қазандағы N 1163 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы N 258 қаулысымен.

      ТМД мемлекеттерiнiң, әлемдiк қауымдастықтың басқа да елдерiнiң экономикада, саясатта, мәдениетте, өндiрiстiк және әлеуметтiк салаларда ынтымақтасу процесiн нығайту мен дамытудың маңызын, мемлекетаралық байланыстар қызметiнiң тетiгiн қалпына келтiру мен одан әрi жетiлдiру, сондай-ақ Евразиялық Одақ құру жөнiндегi идеялар мен ой-ниеттердi iске асыру қажеттiгiн ескерiп, қаулы етемiн:
      1. Халықаралық "Интеграция" қорын (бұдан әрi Қор) құру мен оның жарғылық мақсаты мақұлдансын.
      2. Қорға ТМД елдерiмен және әлемдiк қауымдастықтың басқа да елдерiмен әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық-саяси салаларда ынтымақтасудың үкiмет бағдарламаларын әзiрлеу мәселелерiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлi құқығы берiлсiн.
      3. Министрлер Кабинетi, министрлiктер, ведомстволар, облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi Қордың және оның жергiлiктi жерлердегi құрылымдарының қалыптасу мен дамуына жан-жақты жәрдем мен көмек көрсететiн болсын.
             Қазақстан Республикасының
                 Президентi