Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерiн жабдықтау мен Қорғаныс министрлiгiн, Iшкi iстер министрлiгiн, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiн, Республикалық ұланды және басқа да арнаулы әскери құрамаларды материалдық-техникалық қамтамасыз ету нормалары туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 24 тамыздағы N 958 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 мамырдағы № 580 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      Ұлттық акционерлiк, мемлекеттiк холдинг және акционерлiк компаниялары президенттерiнiң еңбек ақысы, әлеуметтiк және материалдық қамтамасыз етiлуi жөнiндегi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 14 желтоқсандағы N 1251 қаулысымен бекiтiлген Ережесiне сәйкес жаңадан құрылған "Қазақтелеком" Ұлттық акционерлiк компаниясы бiрiншi санатқа жатқызылсын.

      Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi