Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң мәселелерi

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 29 шiлде 1994 ж.  N 856. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.07.07. N 646 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.04  N 406  Қаулысымен.

      1. "Актюбинскнефть" өндiрiстiк бiрлестiгi мен "ДиСизар Ойл Компани" /АҚШ/ фирмасы ұсынған, мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен келiсiлген Шұбарқұдық және Жақсымай кен орындарының мұнайын екiншi тәсiл пайдалану арқылы өндiру жөнiндегi "Дамұнай" /ДАОЙЛ/ бiрлескен кәсiпорын құру туралы Келiсiмi мақұлдансын. 
      2. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi "Дамұнай" бiрлескен кәсiпорынымен бiрге атқарылатын жұмыстар барысында республика мүддесiнiң сақталуына бақылау жасауды қамтамасыз етсiн. 

       Премьер-министр