Мемлекеттiк бiлiм мекемелерiн құру, қайта құру және тарату тәртiбi туралы Үлгi ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1994 жылғы 16 маусым N 637. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000.02.25. N 300 қаулысымен. ~P000300

      1. Республика халқын дәрi-дәрмек препараттарымен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiне республикаға 1993 жылғы 28 маусымда "Елiм-ай" Халықаралық қоры мен "Sobiet Contacts-Consulting" Гмбх /Германия/ фирмасымен жасасқан N 15 контрактiге сәйкес көлемде психотроптық әсерi бар дәрi-дәрмек әкелуге рұқсат етiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi белгiленген тәртiпке сай көрсетiлген дәрi-дәрмек импортына лицензия берсiн.

      Премьер-министрi