"ДАМҰНАЙ" БIРЛЕСКЕН КӘСIПОРНЫ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 3 мамырдағы N 469 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 мамырдағы N 406 Қаулысымен

      КСРО Сыртэкономбанкiнiң есепшотындағы валюталық қаражатты қайтару жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру мақсатында ALEM BANK КАZАКНSТАN-ға Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң агентi ретiнде олардың өтiнiшi бойынша Мәскеу қаласындағы КСРО Сыртэкономбанкiнiң шетел валютасындағы ағымдағы есепшотынан Қазақстан Республикасы жеке адамдар-резиденттерiнiң қаражатын аудару жөнiндегi операциялар жасауға өкiлеттiлiк табыс етiлсiн.
      Қаражатты республикаға аудару шетел банктерiнiң бiрiнiң корреспонденттiк есепшоттары арқылы жүзеге асырылсын, келiп түскен валюталық қаражат сомасы туралы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне тоқсан сайын хабарланып отырсын.

      Премьер-министр