"АҚИҚАТ" ЖӘНЕ "МЫСЛЬ" ЖУРНАЛДАРЫ ТУРАЛЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 13 сәуiр 1994 ж. N 380. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.06.22. N 611 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. "Ақиқат" және "Мысль" журналдары редакцияларының өздерiне құрылтайшы болуды сұраған ұсыныстары қабылдансын. 
      2. "Ақиқат" және "Мысль" журналдары Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi арқылы қаржыландырылсын. 
      3. С. Ақтаев "Ақиқат" журналының, Г.М. Шестаков "Мысль" журналының бас редакторлары болып бекiтiлсiн. 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi