АТОМ ЭНЕРГИЯСЫН, ЯДРОЛЫҚ ҚЫЗМЕТТI ПАЙДАЛАНУ, РАДИОАКТИВТI ҚАЛДЫҚТАР МЕН ҚОЛДАНЫЛҒАН ЯДРОЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ ҰСТАУ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ХАЛҚЫНЫҢ РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУIПСIЗДIГIН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТУРАЛЫ УАҚЫТША ЕРЕЖЕНI БЕКIТУ ТУРАЛЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 11 сәуiр 1994 ж. N 364. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 27 шілдедегі N 781 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының шет елдермен байланысын одан әрi кеңейту мақсатында және әуе қатынасы туралы үкiметаралық келiсiмдерге сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. "Қазақстан әуе жолы" Ұлттық акционерлiк авиакомпаниясына өзiнiң шет елдердегi өкiлдiктерiн Қазақстан Республикасының Көлiк министрлiгiнiң және Сыртқы iстер министрлiгiнiң келiсiмi бойынша ашу құқығы берiлсiн. 
      2. "Қазақстан әуе жолы" Ұлттық акционерлiк авиакомпаниясы Қазақстан Республикасының Көлiк министрлiгiмен және Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесе отырып "Қазақстан әуе жолы" Ұлттық акционерлiк авиакомпаниясының шетелдердегi өкiлдiктерi туралы Ереженi әзiрлеп бекiтсiн. 
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Ұлттық банкпен бiрлесе отырып "Қазақстан әуе жолы" Ұлттық акционерлiк авиакомпаниясының шетелдегi өкiлдiктерiнiң ағымдағы және басқа шоттар ашуын және олар бойынша шетел валютасымен операциялар жасау тәртiбiн белгiлесiн.

      Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi