ҚАЗАҚ ТЕЛЕДИДАРЫНЫҢ "ҮКIМЕТ АРНАСЫ" СТУДИЯСЫ ТУРАЛЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 24 ақпан 1994 ж. N 215. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 27 шілдедегі N 781 қаулысымен

      Әлеуметтiк-экономикалық қайта құрылу барысында орталық мемлекеттiк басқару органдарының қызметiн кеңiнен жария ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. "Қазақстан" мемлекеттiк теле-радиохабарларын тарату компаниясында белгiленген тәртiппен заңды тұлға құқығы бар "Үкiмет арнасы" студиясы құрылсын. 
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгiнiң, Өнеркәсiп министрлiгiнiң, Байланыс министрлiгiнiң, Энергетика және отын ресурстары министрлiгiнiң, "Парасат" Халықаралық сауда-өнеркәсiп корпорациясы мен "Қазақстанкоммерция" аймақтың сыртқыэкономикалық қауымдастығы "Үкiмет арнасы" студиясына материалдық-техникалық көмек көрсету жөнiндегi бастамасы қолдау тапсын. 
      3. "Қазақстан" мемлекеттiк теле-радиохабарларын тарату компаниясы:
      - "Үкiмет арнасы" студиясына аптасына 1,5 сағат көлемде халыққа қолайлы эфир уақытын бөлсiн;
      - "Үкiмет арнасы" студиясының шығармашылық ұжымына бағдарламаларын дайындауға және эфирге шығаруға барынша көмек көрсетсiн.
      4. "Үкiмет арнасы" студиясының шығармашылық ұжымын жоғары бiлiктi мамандармен қазақша, орысша және басқа да тiлдерде жұмыс iстейтiн тележурналистермен, режиссерлармен толықтыру жөнiндегi жұмысы мақұлдансын.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi