АРНАУЛЫ КУПОН АУКЦИОНДАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӨНIНДЕГI ШАРАЛАР ТУРАЛЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 14 ақпан 1994 ж. N 183. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі N 1411 Қаулысымен

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 10 желтоқсандағы  Заңына  сәйкес қаулы етемiн: 
      1. Белгiленген тәртiптi бұзып, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығарылған шикiзатты, азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларын тәркiлеу туралы судьяның қаулысын сот орындаушылары орындайтын болып белгiленсiн. 
      2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Әкiмшiлiк құқықтарын бұзу туралы Қазақ КСР Кодексiне толықтырулар енгiзу туралы заң жобасын жаңадан сайланатын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесi бiрiншi сессиясының қарауына енгiзсiн.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күннен бастап күшiне енедi және Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк заңдарына тиiстi толықтыру енгiзiлгенге дейiн қолданылады.     

       Қазақстан Республикасының
      Президентi