1. Қайрақты кен-металлургия комбинатының және "Дженерал Беринг" (АҚШ) корпорациясының қатысуымен "Интервольфрам" бiрлескен кәсiпорнын құру туралы Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлiгi мен Қайрақты кен-металлургия комбинатының ұсынысы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлiгi Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жанындағы Шет ел инвестициялары жөнiндегi Ұлттық агенттiк:
"Интервольфрам" бiрлескен кәсiпорны ұсынған жобаның техникалық-экономикалық негiздемесi мен "Солтүстiк Қатпар" кен орынын игеруге арналған контракт (шарт) жобасын пысықтасын және қажеттi келiссөздер жүргiзсiн.
Келiссөздер нәтижесi бойынша келiсiлген контракт (шарт) жобасын бекiтуге енгiзсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi