ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӨЛIК МИНИСТРЛIГIНIҢ ӘУЕ КӨЛIГI ДЕПАРТАМЕНТI ТУРАЛЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 1994 жылғы 6 қаңтар N 29. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.12.19. N 1563 қаулысымен.

      Халық шаруашылығының вольфрамға сұранысын қамтамасыз ету мен Жоғарғы Қайрақты кен орыны базасында экспорттық ресурстарды дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қайрақты кен-металлургия комбинатының және "Дженерал Беринг" (АҚШ) корпорациясының қатысуымен "Интервольфрам" бiрлескен кәсiпорнын құру туралы Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлiгi мен Қайрақты кен-металлургия комбинатының ұсынысы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлiгi Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жанындағы Шет ел инвестициялары жөнiндегi Ұлттық агенттiк:
      "Интервольфрам" бiрлескен кәсiпорны ұсынған жобаның техникалық-экономикалық негiздемесi мен "Солтүстiк Қатпар" кен орынын игеруге арналған контракт (шарт) жобасын пысықтасын және қажеттi келiссөздер жүргiзсiн.
      Келiссөздер нәтижесi бойынша келiсiлген контракт (шарт) жобасын бекiтуге енгiзсiн.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-министрi