Соттардың рецидивті қылмыстар жөніндегі қылмыстық істерді қарау тәжірибесі туралы

Қаулы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумы 1994 жылғы 27 мамыр N 1 (Қазақстан Республикасы (Қазақ КСР) Жоғарғы Соты Пленумы қаулыларының жинағы, 1997 ж., 1 том, 33 бет). Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы N 8 Нормативтік қаулысымен

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiн жариялау және күшiне енгiзу тәртiбiн жетiлдiру мақсатында қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi қабылданғаннан кейiн "Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлер жинағында" басуға қол қойылатын келесi номерiнде, сондай-ақ "Егемен Қазақстан", "Казахстанская правда", "Халық жаршысы" және "Вестник Казахстана" газеттерiнде жарияланады.
      2. Қазақстан Республикасының Президентi актiлерiнiң осы Жарлықтың 1-тармағында аталған органдарда басылуы ресми жарияланым болып табылады.
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi өзге де баспасөз органдарында басылып, теледидар, радио арқылы жариялауы, телеграф, телефакс арқылы берiлуi, тиiстi мемлекеттiк және басқа ұйымдарға жiберiлуi мүмкiн.
      3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң мемлекеттiк немесе заңмен қорғалатын құпиясы бар актiлерi жариялануға жатпайды. Бұл актiлердiң түпнұсқасында құпиялылығы туралы белгi қойылады және олардың күшi қолданылатын ұйымдар мен азаматтарға белгiленген тәртiп бойынша жеткiзiледi.
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң мұнай актiлерi белгiленген тәртiппен баспа басылымдарында мазмұндалып жариялануы мүмкiн.
      4. Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтi сипаты бар актiлерi ресми түрде жарияланғаннан кейiн он күн өткен соң Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында бiр мезгiлде күшiне енедi.
      5. Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтi сипаты жоқ актiлерi қабылданған сәтiнен бастап күшiне енедi.
      6. Қазақстан Республикасының Президентi актiнi қабылдаған кезде оны күшiне енгiзудiң басқа мерзiмiн белгiлеген жағдайларда Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiн күшiне енгiзудiң осы Жарлықтың 4 және 5-тармақтарында көрсетiлген мерзiмдерi

қолданылмайды.
     7. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Қазақстан
Республикасы Президентiнiң актiлерiн жариялау тәртiбiн реттейтiн
нормативтi актiлердi осы Жарлыққа сәйкес келтiретiн болсын.
     8. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
             Президентi