Қарағанды металлургия комбинатының өнiм экспортына кеден бажы туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 15 желтоқсан N 1253. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994.11.02. N 1219 қаулысымен.

      Қарағанды металлургия комбинатының экспортқа өнiм беруiн ынталандыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының экспортқа шығарылатын тауарларға кеден тарифi туралы" 1993 жылғы 9 наурыздағы N 1154 Жарлығының 7-тармағының негiзiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      Қарағанды металлургия комбинатының өнiм экспортына кеден бажының ставкасы 1993 жылғы 13 желтоқсаннан бастап кеден құнының 2 процентi мөлшерiнде белгiленсiн.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-министрi