Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жанындағы Ақпараттық-есептеу орталығын қаржыландыру туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 2 қараша 1993 ж. N 1088

      Бiлiм беретiн оқу орындары мен мекемелерiн оқу, ғылыми, оқу-әдiстемелiк және басқа арнаулы әдебиетпен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң "Қазақ университетi" баспасы Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң "Санат" мемлекеттiк баспасы деп аталсын, оның орналасқан алаңы өзiнде сақталсын.
      2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi 1993 жылдан бастап жыл сайынғы болжам-жоспарларында "Санат" баспасына полиграфиялық жабдықтар сатып алуға және материалдық-техникалық базасын нығайтуға нысаналы түрде Қазақстан Республикасының Экономикалық өзгерiстер қорынан күрделi қаржы бөлiнуiн көздесiн.
      3. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi жыл сайын "Санат" баспасына тиiстi полиграфиялық қуаттар бөлетiн болсын және оқу мен оқу-әдiстемелiк әдебиет шығару үшiн материалдармен қамтамасыз етуге көмек көрсетсiн.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi