Геофизикалық зерттеулер жүргiзу туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 23 қыркүйектегі N 936 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 мамырдағы N 406 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.04  N 406  Қаулысымен.

      Каспий теңiзi айлағында мұнай мен газ қорының келешегiн бағамдау бағдарламасын iс жүзiнде жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Каспий теңiзiнiң қорық аймағында айрықша экологиялық жағдайларды ескерiп, көмiр сутегi шикiзатына геофизикалық зерттеулер, геологиялық барлау жүргiзуге және өндiруге рұқсат етiлсiн. 
      2. "Қазақстанкаспийшельф" мемлекеттiк компаниясы Каспий теңiзiнiң Қазақстан жағын игеру аймағында геофизикалық жұмыстармен бiрге инженерлiк-экологиялық зерттеулер жүргiзсiн және бұл деректердi айналадағы ортаға ықпал жасалуын бағамдау үшiн пайдалансын. 
      3. Қазақ ССР Министрлер Советiнiң "Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiнде қорық аймағын жариялау туралы" 1974 жылғы 30 сәуiрдегi N 252 қаулысымен (Қазақ ССР ҚЖ, 1974 ж., N 10, 43-бап) бекiтiлген Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiндегi қорық аймағы туралы Ереженiң 5-тармағы мынадай мазмұндағы "д" тармақшасымен толықтырылсын:
      "д) айрықша экологиялық жағдайлар ескерiлiп, көмiр сутегi шикiзатына геофизикалық зерттеулер, геологиялық барлау жүргiзуге және өндiруге".

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi